«АСТАНА ЭКСПО-2017» және БЮРО «ЭКСПО ДУБАЙ 2020» арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум

IN Келісім On 01-02-2017


«АСТАНА ЭКСПО-2017» және БЮРО «ЭКСПО ДУБАЙ 2020»

арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум


«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылып, Астана, 010000, Қазақстан Республикасы Орынбор көшесі, 55 мекенжайы бойынша кеңсесі тіркеліп, Басқарма Төрағасы А.С. Есімов мырза тұлғасында (бұдан әрі – Астана ЭКСПО)


Бюро «Экспо Дубай 2020», Дубай Әмірлігі заңнамасына сәйкес 2014 жылғы № 30 Жарлықпен құрылған, тіркелген кеңсесі Джебель-Али, Dubai South ауданы, а/ж 2020, Дубай, Біріккен Араб Әмірліктері мекенжайында орналасып, Бас директор, А.М. Рим Аль-Хашими тұлғасында (бұдан әрі – Экспо Дубай)


бұдан әрі жеке «Тарап» деп, бірлесіп «Тараптар» деп аталып


Кіріспе:

A-    2020 жылы «Экспо Дубай» Джебель-Али аумағында Дубайда өтетін Дүниежүзілік көрмені ұйымдастыратынын есепке қабылдап.

B-     «Астана Экспо» 2017 жылы Астанада өткізілетін халықаралық көрменің ұйымдастырушысы болып табылатынын ескеріп

C-    Бюро «Экспо Дубай» 2020 жылғы 20 қазаннан бастап алты ай бойы Дүниежүзілік көрмені өткізетінін және іс-шараны тиісті өткізуді қамтамасыз ету үшін бүкіл әлем серіктестерімен ынтымақтастыққа мүдделі екендігін ескеріп.

D-    Бюро «Экспо Дубай» «Астана Экспо»-дан тиісті тәжірибе алуға, сондай-ақ қолдау мен ынтымақтастыққа мүдделігін ескеріп,


ОСЫ ҮЛГІМЕН, Тараптардың келісімі бойынша және құрылымдық қатынастарды орнату мүдделерінде Тараптар білім алу үшін өзара консультативтік көмек көрсету туралы келісті.


1-БАП

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ӨЗАРА ҚОЛДАУ

1.  Екі Тарап Дүниежүзілік Көрмелерді ұйымдастыруда үздік практикаларды қолдану бойынша біліммен алмасатын және қолдау мен консультациялық қызметтер көрсететін болады.

2.  Екі Тарап қызметтің мына түрлеріне басты назар аударады (i.) Қатысушылармен қатынасты басқару, (ii.) Өткізу орнын Операциялық жоспарлау және ұйымдастыру, (iii.) Көрмені әзірлеу, (iv.) іс-шараны өткізу, және (v.) тәжірибе бөлісу бастамалары.

3.  Тараптар жоғарыда 1.1-тармақта белгіленген мақсаттарға сәйкес әрі қарай ынтымақтастық пен серіктестік үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырады. Осыдан ынтымақтастық пен серіктестік салалары мен әдістерін әрі қарай дамытқан жағдайда осы Келісімге қосымша келісімдер бекіту қажеттілігі туындауы мүмкін.


2-БАП

БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСШЫ ТОП

1.  Тараптар өз жұмысын басқару мен ұйымдастыруда және басқа да қатысты тараптар арасында үйлестіруді қамтамасыз ету үшін бірлескен жұмысшы топты (Бірлескен Жұмысшы топты) құрады.

2.  Осы меморандумға қол қойылғаннан кейін 45 күн ішінде Тараптар Бюро «Экспо Дубай» мен «Астана Экспо» тағайындайтын 6 (алты) адамнан тұратын Бірлескен Жұмысшы топты құрады.

3.  Жоғарыда аталған мүшелер бірлесе келісілген тиімді ынтымақтастық пен үйлестіруді қамтамасыз ету мен қолдау көрсету және біліммен алмасу мақсатында мерзімдіі отырыстар өткізудің қолайлы кестесін құрады.

4.  Бірлескен Жұмысшы топ мүшелері «Экспо Дубай» және «Астана Экспо» -ға арналған барлық ережелер, нормалар мен нұсқаулықтарды ұстанатын болады.


3-БАП

АҚПАРАТ ҚҰПИЯЛЫҒЫ

1.     Әр Тарап екінші Тарапқа тиесілі Құпия ақпаратты жарияламауға міндеттеме алады. Тараптар, егер өзгесі Тараптардан жазбаша түрде келісім алмайынша, осы Меморандумға байланысты Тараптардың бір – біріне беретін немесе талқылайтын ақпаратты үшінші тұлғаларға жарияламайтын болады.

2.     Осы құжатта аталған жағдайлардан басқа жағдайда әр Тарап мынадай міндеттеме алады:

b)      Осы Меморандум көрсетілген жағдайлардан басқа қандай да бір мақсаттар үшін екінші Тараптың Құпия ақпаратын пайдаланбау;

c)       Екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да бір үшінші Тарапқа Екінші Тараптың Құпия ақпаратын ашпауы;

d)      Екінші Тараптың алдын ала келісімінсіз екінші Тараптың Құпия ақпаратын көшірмеуі;

e)       Екінші Тараптың барлық Құпия ақпаратын өзінің меншікті құпия ақпаратын немесе маңыздылығы жағынан сол деңгейдегі басқа ақпаратты қорғап қолданғандай қабылдау.

3.     Тараптардың кез келгені екінші Тараптың Құпия ақпаратын өзінің қызметкерлеріне, тәуелді ұйымдарына және өкілдеріне таныстырудың нақты қажетті қағидаты бойынша ғана жариялай алады және әр қызметкер, тәуелді ұйым және өкіл оларға Екінші Тараптың Құпия ақпараты берілер алдында осы құжаттың 3-тармағында көрсетілген шарттармен құпиялылықты сақтауға жазбаша міндеттеме бойынша қол қоюын қамтамасыз етуі тиіс.

4.     Тараптардың кез келгені екінші тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Меморандум немесе қызметтің басқа түрлеріне, операциялар, маркетингтік және/немесе басқа да осы Тарап жоспарларына сілтеме жасауына жол берілмейтініне міндеттеме алады. Сілтеме беруге арналған әр өтінім жазбаша түрде ресімделуі және екінші тарапқа ұсынылуы керек және ұсынылған сілтеменің көшірмесімен және жарнама немесе хабарламаға арналған уақыт пен орын туралы толық ақпаратпен, сондай-ақ екінші тараптың өтінімі бойынша басқа ақпарат немесе құжаттамамен қоса бірге берілуі керек.

5.     Тараптардың кез келгені екінші Тарапқа осы екінші Тараптың қандай да бір Құпия ақпаратының оған белгілі болғанын жарияламауы немесе рұқсатсыз жариялануы немесе пайдалануы туралы бірден хабарлауы керек.

6.     Осы 3-тармақ мынадай түрге ие болатын қандай да бір ақпаратта қолданатын болады:

a)       Осы Меморандумда белгіленген қандай да бір міндеттемелерді бұзған жағдайдан басқа кезде жариялану сәтінде жалпы мәлім болатын ақпарат;

b)      Заңды жолмен алынған, заңды түрде қол жеткізу жолында орналасқан немесе кейіннен заңды түрде Тарап иелігіне ақпарат құпиялыяғын сақтау бойынша міндеттеме алмаған үшінші тараптан келіп түсетін ақпараттар;

c)       Құпия ақпаратты алмай, осы Тараптың өзі тәуелсіз әзірлеген; немесе

d)      Заңға сәйкес Тарап жариялайтын Тарапқа осындай талап туралы бірден хабарлауы және келісуі, сондай-ақ қажетті жариялау нысаны, кестесі, мазмұны мен мақсатына қатысты жариялайтын Тарапқа тиісті өтінімдерді қабылдай алатынын есепке алып, қандай да бір мемлекеттік немесе құзыретті нормативтік орган өкімімен немесе заңды процеске сәйкес заң бойынша ашылуға жатады.

7.     Аталған 3-тармақ Келісімнің бұзылуына қарамастан, толық күшінде қалады.


4-БАП

ҚАРЖЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНІҢ БОЛМАУЫ

Тараптардың кез келгені осы Келісімге сәйкес өз міндеттемелерін орындау нәтижесінде жұмсаған өз шығындарын өзі төлейді. Тараптар осы Меморандумнан басқа Тарап үшін қандай да бір қаржылық міндеттемелерді қарастырмайтынын және осындай міндеттемелер кейіннен басқа келісімді бекіту қажеттігі туындаған жағдайда ғана қолданылатынын танып келіседі, ол келісімде осы келісімнің талаптары мен сипаттары нақты көрсетіледі және онда осы Келісім ескеріледі.


5-БАП

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ЖАУАПСЫЗ ЖҰМЫЛДЫРУДАН БАС ТАРТУ

Осы Келісімнің қолданылу мерзімі бойына әр Тарап екінші тараптың жазбаша келісімінсіз тіркелеу немесе жанама, әділетсіз басқа Тарап қызметкерлерін қатыстырмауы тиіс.


6-БАП

ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ҚҰЖАТТАМА

Тараптар, осы Меморандумға сәйкес алмасатын құжаттамалармен жұмысты және Тараптар осы Келісім нәтижесінде қарастыра алатын барлық мүмкін келісімдерді әр Тарап тағайындаған және төменде көрсетілген тұлғалар орындайтынымен келіседі.


«Астана Экспо» үшін:

Орынбор көшесі, 55

Астана, 010000, Қазақстан Республикасы

Басқарма Төрағасының орынбасары – Е.А. Шорманов мырза

Тел.: 7172-999941

Факс: 7172-278307


«Экспо Дубай» үшін:

Омар Шедахех мырза, Директордың бірінші орынбасары, Халықаралық ынтымақтастық

Электрондық поштасы: Omar.Shehadeh@expo2020dubai.ae

Мекенжайы: Jebel Ali, Dubai South, PO Box 2020, Dubai, United Arab Emirates

Телефон: +971 800 836 33 77


7-БАП

БАЙЛАНЫСТЫРАТЫН МІНДЕТТЕМЕЛЕР

Осы Меморандум ережелері 3, 4, 8, 12 ережелерінен басқа Екінші Тараптың заңды байланыстыратын міндеттемелерін құру үшін арналмаған.


8-БАП

ҚОРҒАНЫС ҚҰРАЛДАРЫ, ҚҰҚЫҚТАН БАС ТАРТУ, ТҮЗЕТУЛЕР ЖӘНЕ КЕЛІСУ

1.       Осы Меморандум жасалатын кез келген түзетулер жазбаша түрде ресімделген және әр Тарап атынан қол қойылуы керек.

2.       Осы Келісімге сәйкес берілген құқық немесе келісімнен кез келген бас тарту, егер ол жазбаша түрде ресімделген және бас тартатын немесе келісетін Тараппен қол қойылған жағдайда ғана күшіне енеді. Осы ереже ол қарастырылған жағдайларға ғана қолданылады және келісім беретін немесе бас тартатын Тарапқа кейіннен тиісті ережені жетекшілікке алуға тиым салмайды.


9-БАП

ХАБАРЛАМАЛАР – АҚПАРАТТЫ ЖАРИЯЛАУ ЖӘНЕ ТАРАТУ

Тараптардың ешбірі екінші Тарапқа тиесілі қандай да бір ақпаратты жариялауды бірлесіп келісу жағдайынан екінші Тараптың жазбаша растауын алдын ала алмай, хабарландыру, баспасөз жаршысы, жарнама, мақала немесе баяндама түрінде ашпайтын немесе жарияламайтын болады.


10-БАП

ҚҰҚЫҚТАРДЫ ТАПСЫРУ

Тараптардың ешбірі Екінші Тараптың жазбаша келісімінсіз осы Келісім бойынша қандай да бір құқықтар немесе міндеттемелерді бере алмайды.


11-БАП

СЕРІКТЕСТІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ НЕМЕСЕ АГЕНТТІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ БОЛМАУЫ

Осы Меморандум ешбір ережесі Тараптар арасында агенттік, серіктестік қатынастарды немесе бірлескен кәсіпорындарды құруды қарастырмайды және тараптардың ешбірі қандай да бір үлгімен басқа Тарап мүдделерін білдіруге немесе оған міндеттемелер жүктей алмайды немесе егер өзгесі жазбаша түрде келісілмеген болса, екінші Тарап атынан немесе есебінен шығындарды төлеп жүктей алмайды.


12-БАП

ХАБАРЛАМАЛАР

1.     Кез келген хабарлама немесе осы Меморандумға сәйкес берілген өзге ресми хабарлама жазбаша түрде рәсімделуі және осы хабарламаны немесе өтінімді беретін Тарап үшін қол қойылуы керек.

a)     электрондық. пошта немесе факс бойынша 6-тармақта көрсетілген тиісті нөмірге жолданған; немесе

b)    алдын ала төленген пошталық және шұғыл пошталық жөнелтумен, ресми электрондық пошта немесе 6-тармақтағы тиісті мекенжайға тапсырысты поштамен жіберілген.

2.     Әр жағдайда бұл 6-тармақта көрсетілген тиісті Тарапқа жеткізілуі керек (немесе осы Меморандумның өзге ережелеріне сәйкес).


13-БАП

Осы Өзара түсіністік туралы Меморандумның ережелерін түсінуде және бейімдеуде қандай да бір дау немесе келіспеушілік туындаған жағдайда, оларды Тараптар келіссөздер жолымен шешетін болады.

Осы Өзара түсіністік туралы Меморандум қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және Тараптардың бірі екіншісіне дипломатиялық арналар арқылы бұзғанға дейін бір ай бұрын жазбаша хабарлама беріп өзінің Меморандумды бұзғысы келетін ниетін хабарламайынша, 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін күшінде болады.

2017 жылы қаңтар айында Абу-Дабида екі данада араб, қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде құрылды, барлық мәтіндер бірдей күшке ие.

Егер осы Өзара түсіністік туралы Меморандум талаптарын түсіну немесе қолдану жағдайында қандай да бір келіспеушіліктер туындайтын болса, ағылшын тілдегі нұсқа басым күшке ие болады.


        Ахметжан Есімов                                        Наджиб Мохаммед Аль-Али

    «Астана ЭКСПО-2017»                                    «ЭКСПО Дубай 2020»

ҰК басқармасыңын төрағасы                                Бюросының атқарушы

                                                                                                   директоры


SHARE THIS ON:

1

FEB