IN Келісім On 20-08-2017

“Атамекен” Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Сауда және өнеркәсіп палаталары федерациясы арасындағы инвестиция мен бизнес мүмкіндіктерін күшейту бойынша өзара түсіністік туралы Меморандум

 

Біріккен Араб Әмірліктерінің Сауда және өнеркәсіп Палаталары Федерациясы мен Қазақстан Республикасының “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасы,

Бұдан әрі “Тараптар” деп атала отырып,

БАӘ мен Қазақстан Республикасының арасындағы сауда, индустриялық және басқа да байланыстарды күшейту бойынша өз міндеттемелерін түбегейлі сендіре отырып;

БАӘ мен Қазақстан Республикасының бизнес қоғамдастықтарының арасындағы достық пен түсінісушілікті ынталандыру жолдарын іздеумен;

Оған қоса, бизнес қоғамдастықтарының арасында сауда, инвестиция, технологиялық трансфер, қызмет көрсету мен индустриялар салаларындағы ынтымақтастықты ілгерілету жолдарын іздеумен;

Осымен, мына мәселелерге келіседі:

 

1 бап

Тараптардың ұлттық заңнамаларына сәйкес, мемлекеттердің кәсіпорындары мен ұйымдарының арасында экономикалық және индустриялық ынтымақтастықты кеңейту үшін және екі ел арасындағы сауда мүмкіндіктерін ашу үшін БАӘ мен Қазақстан Республикасы өзара экономикалық дамулары туралы ақпараттарымен ұдайы алмасып тұрады.

 

2 бап

 Әр Тарап сауда және экономикалық делегацияларының сапарларын өз елдеріне ұйымдастыру және оларға қолқабыс көрсетуі мен бизнес байланыстарды орнатуға мүмкіндігінше жағдай жасайды.

 

3 бап

 Тараптар өз мүшелерінің қызығушылықтары мақсатында сыртқы сауда мен инвестицияға қатысты ұлттық заңнамалар туралы басылымдар және ақпараттармен алмасады.

 

4 бап

Әр Тарап басқа елдің кәсіпорнына өз бетімен сауда жүргізуге, болмаса өз елінің кәсіпорнымен бірлесе сауда жүргізуге көмегін көрсетеді.

 

5 бап

Әр Тарап басқа Тараптың кәсіпорнын, ұйымын және компаниясын экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін өз елдерінде болатын ұлттық көрмелерде, халықаралық жәрмеңкелерде, арнайы көрмелерде, экономикалық және техникалық жәрмеңкелерде, симпозиумдарда конференциялар мен ұқсас іс-шаралар жөніндегі ақпаратпен, қажетті көмекпен қамтамасыз етеді.

 

6 бап

Тараптар сауда мен бизнестің дамуына кедергі болатын тосқауылды анықтау және ол туралы бизнестерді ақпараттандыру бойынша барлық мүмкіндігін жасайды.

 

7 бап

Тараптар әр арбитраждық практика мен коммерциялық диспуттарды шешудің жолдары бойынша білу-оқу жұмыстарын жүргізеді. Тараптар келіссөздер жүргізу, келісу немесе арбитраж арқылы өз мүшелерінің арасында пайда болған кез-келген диспуттарды шешуге ынталанады.

 

8 бап

Тараптар өз мүшелерінің арасында техникалық сараптама, ноу-хау мен тренинг жүргізу мүмкіндіктерін қолдап, ынталандырады.

 

9 бап

Егер де, басқаша келісілмеген жағдайда, әр Тарап нақты Меморандумда көрсетілген іс-шараларға қатысу бойынша шығындарын өзі көтереді. Нақты Меморандумда көрсетілген іс-шаралардың өткізу көлемі қаржылық жағдайға, персонал мен басқа да ресурстарға байланысты болады. 

 

10 бап

Екі мемлекетте өтетін іс-шараларға байланысты хатшылық және әкімшілік қызметтер бойынша екі Тарап “Атамекен” Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының еншілес ұйымы Қазақстанның Сыртқы сауда палатасымен байланысатын болады.

 

11 бап

Нақты Меморандум Тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және бес жылға дейін өз күшінде болады және тоқтау мерзіміне дейін үш ай бұрын жазбаша түрде басқа Тарапқа хабарланбаған жағдайда өзінен өзі жаңартылатын болады. Нақты Меморандумға өзгерістер енгізу екі Тараптың өзара келісімі арқылы ғана жасалады.  

 

Астанада 2017 жылдың 22 мамырында екі көшірмеде: араб, қазақ және ағылшын тілдерінде қол қойылды, барлық мәтіндер тең түпнұсқалы. Нақты Меморандум мәтіндері түсініктерінің қайшы болып келген жағдайында, ағылшын тіліндегі мәтін басым болады.

 

 

“Атамекен” Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Біріккен Араб Әмірліктерінің Сауда және өнеркәсіп Палаталары Федерациясы
 

Нұржан Әлтаев

Басқарма Төрағасының Орынбасары

  

Хумаид бен Салем

Бас Хатшы

 


SHARE THIS ON:

20

AUG