“АТАМЕКЕН” ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ МЕН БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІНІҢ САУДА ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП ПАЛАТАЛАРЫ ФЕДЕРАЦИЯСЫ АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН – БАӘ БІРЛЕСКЕН БИЗНЕС КЕҢЕСІН ҚҰРУ БОЙЫНША ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ

IN Келісім On 20-08-2017

     

“АТАМЕКЕН” ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ МЕН БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІНІҢ САУДА ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП ПАЛАТАЛАРЫ ФЕДЕРАЦИЯСЫ АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН – БАӘ БІРЛЕСКЕН БИЗНЕС КЕҢЕСІН ҚҰРУ БОЙЫНША ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ

 

“Атамекен” Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Біріккен Араб Әмірліктерінің Сауда және өнеркәсіп Палаталары Федерациясы,

Бұдан әрі жекеше “Тарап” және бірге “Тараптар” деп атала отырып,

 

Қазақстан Республикасы және БАӘ-нің заңдары мен реттеулеріне және екі мемлекет арасындағы келісімдер мен түсінісушіліктерге сәйкес,

 

Қазақстан Республикасы және БАӘ арасындағы экономикалық қарым-қатынастың тиімділігін арттыру мен тереңдету үшін Тараптар бірге мәлімдей отырып,

 

ОСЫМЕН, мына мәселелерге келіседі:

 

(1 бап)

 

Қазақстан-БАӘ Бірлескен бизнес кеңесі (бұдан әрі – ҚБББК) екі мемлекет арасындағы сауда, инвестиция, қызмет көрсету мен барлық индустрия саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мақсатында екіжақты бизнес қоғамдастықтарының іс-қимылдарын ынталандыру және оған жәрдемдесу мақсатында құрылады.

 

(2 бап)

 

ҚБББК мақсаттары мынадай:

 

  1. Қазақстан Республикасы және БАӘ арасындағы достықты одан әрі күшейту және экономикалық, сауда және инвестициялық қарым-қатынастың одан әрі жақындасуын ынталандыру.
  2. Қазақстан Республикасы және БАӘ-нің жекеменшік секторларының арасындағы экономикалық, сауда және инвестициялық саясаттары туралы кең ауқымды және терең түсінікті ілгерілету.
  3. Қажет болған жағдайда, осы баптың 1 және 2 бөлімдеріне ұсыныстар, кеңестер мен рекомендациялар жасау керек кезде Қазақстан Республикасы және БАӘ үкіметтеріне ұсыныс жасалуы тиіс.

 

(3 бап)

 

ҚБББК мүшелерінің қатарына маңызды индустриялардағы компаниялар мен ұйымдар кіретін болады; Тараптар ҚБББК мақсаттарына сәйкес нәтижелерге қол жеткізу үшін әрдайым компаниялардың тізімдерін қайта қарап отыратын болады.

 

(4 бап)

 

ҚБББК-ға мүше болу екі жақтың Тең төрағаларының құзырында болады және жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін әр Тараптан барлық индустрия мен бизнеске өкілдік ететін, кем дегенде, 10 мүше болуы тиіс.

 

(5 бап)

 

ҚБББК кездесуі жылына, кем дегенде, 1 рет өткізілуі тиіс; және Қазақстан және БАӘ арасында, егер келісім басқаша болмаған жағдайда, кезектік принципіне сәйкес өткізіледі. Іс-шараны өткізуге арналған шығындарды қабылдаушы Тарап көтереді, ал жол жүру мен қонақ үйлерде тұруға арналған шығындарды келуші Тарап көтереді. Жалпы, әр Тарап өзінің шығынын көтереді.

 

(6 бап)

 

ҚБББК кездесулері Тең төрағаларының төрағалығымен өтеді. Әр Тарап өзінің Тең төрағасын, Хатшысын/Координаторын және 10-нан кем емес мүшесін ұсынады. Хатшы/Координатор ҚБББК-ның қызметінің жүруіне жәрдемдеседі және қажеттілігіне қарай кездесудің үрдісіне байланысты талаптарды айқындап отырады.

 

(7 бап)

 

Тараптар өздерінің компанияларының сыртқы сауда мен индустрия, өнім мен экспорт ұсыныстары, инвестиция мен нарық трендтері туралы шыққан басылымдар мен ақпараттарды тұрақты негізде өзара айырбастайды. Сонымен қатар, Тараптар өз еліндегі экономикалық және коммерциялық саладағы заңнамалар туралы ақпараттармен бөліседі.

 

(8 бап)

     

Тараптар екі мемлекет арасындағы сауда және экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында бірлескен форумдар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, көрмелер, бизнес делегациялар мен басқа да іс-шараларды өткізуге ортақ қолдауын көрсетеді.

 

(9 бап)

 

5-ші бапты назарға алмағанда, Тараптар нақты шектелмелі келісімді, егер де жазбаша түрде сондай келісімге қол жеткізілмеген болатын болса, басқа Тарапқа қаржылық жүктеу мақсатында пайдалана алмайтыны бойынша принциптерін ұстанады.

 

(10 бап)

 

Екі мемлекетте өтетін іс-шараларға байланысты хатшылық және әкімшілік қызметтер бойынша екі Тарап “Атамекен” Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының еншілес ұйымы Қазақстанның Сыртқы сауда палатасымен байланысатын болады.

 

(11 бап)

 

Нақты Меморандум Тараптар қол қойған күнінен бастап, егер кез-келген Тарап басқа Тарапқа тоқсан (90) күн бұрын тоқтату туралы жазбаша хабарлама бермесе, өз күшіне енеді және бес жылға дейін өз күшінде болады.

 

Астанада 22/05/2017 жылы екі көшірмеде: араб, қазақ және ағылшын тілдерінде қол қойылды, барлық мәтіндер тең түпнұсқалы. Нақты Меморандум мәтіндері түсініктерінің қайшы болып келген жағдайында, ағылшын тіліндегі мәтін басым болады.

 

 

“Атамекен”

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

Біріккен Араб Әмірліктерінің Сауда және өнеркәсіп Палаталары Федерациясы
 

 

Нұржан Әлтаев

Басқарма Төрағасының Орынбасары

 

 

Хумаид бен Салем

Бас Хатшы

 


SHARE THIS ON:

20

AUG