Біріккен Араб Әмірліктері WАМ Жаңалықтар Агенттігі және «ҚазАқпарат» Халықаралық Ақпараттық Агенттігі арасындағы зара түсіністік туралы меморандум

IN Келісім On 26-02-2017


Өзара түсіністік туралы меморандум


Әбу-Даби, Р.О. Вох 3790 мекенжайы бойынша орналасқан Біріккен Араб Әмірліктері WАМ Жаңалықтар Агенттігі (бұдан әрі WАМ) және «ҚазАқпарат» Халықаралық Ақпараттық Агенттігі (бұдан әрі ҚазАқпарат) арасында жасалды.


Бұдан әрі «Тараптар» ретінде аталады,

Тараптардың жаңалықтар материалдарын алмасу саласындағы кәсіби ынтымақтастықты жылжыту және ортақ мүддеге қызмет ету мақсатында БАҚ және БАӘ және Қазақстан Республикасында табысты достық қатынас пен өзара іс-қимылды қалыптастыру талап-тілегін ескеріп, Тараптар төмендегі туралы уағдаласты:

WАМ Жаңалықтар Агенттігі (бұдан әрі WАМ) және «ҚазАқпарат» Халықаралық Ақпараттық Агенттігі жаңалықтар материалдарын алмасу саласындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға уағдаласты, бүл мыналарды көздейді:


(1) бап

Міндеті

Осы Меморандумның міндеті Тараптардың ұлттық заңнамаларына сәйкес жаңалықтар материалдарымен алмасу саласындағы екіжақты ынтымақтастықты ынталандыру және дамыту болып табылады.


(2) бап

Уәкілетті орган

Осы меморандум аясында ынтымақтастықтың бағыттарын іске асыру бойынша уәкілетті орган:

БАӘ-де: \WАМ Жаңалықтар агенттігі

Қазақстан Республикасында: «ҚазАқпарат» Халықаралық Ақпараттық Агенттігі болып табылады.


(3) бап

Ынтымақтастық саласында

Осы Меморандумның аясында ынтымақтастықтың бағыттары мыналар болып табылады:

1) әр агенттіктің екі қызметкері (бір журналист және бір техникалық маман) үшін бір апталық оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру;

2) әр елдің жергілікті БАҚ – тарында ақпаратты тарату мақсатында дереккөзді тиісті көрсете отырып тегін негізде ағылшын тілінде жаңалықтар материалдарымен күнделікті алмасу;

3) FТР және электрондық пошта сияқты қолданыстағы жаңа технологиялар арқылы ақпараттық қызметтермен алмасу, жағдай болғанда, Тараптар бір-біріне әр Тараптың қызметіне еркін қол жетімділікті жеделдету үшін логин мен парольді береді;

4) Әр Тараптың техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес фотолар алмасу;

5) Тараптар тұруы мүмкін кәсіби бірлестіктерде және халықаралық ұйымдарда немесе ақпараттық агенттіктердегі олардың мүшелігі аясында осы Меморандум жұмыс істеп тұрған кез келген уақытта олардың арасындағы ынтымақтастық пен үйлестіру;

6) Әр Тарап ұлттық маңызды іс-шаралар мен конференцияларға және маңызды ұлттық, өңірлік және халықаралық кездесулерге ақпарат және фото тарату үшін қатысып, бұл шараларға тиісті және ерекше назар аударады.


(4) бап

Жаңалықтар материалдарын тарату саласы:

1) Тараптар өздерінің жаңалықтар бюллетеніндегі бір-бірінің жаңалық материалдарын объективті және екі жаққа бірдей пайдалануға және оларды дереккөзді көрсеткен жағдайда, өзгеріссіз немесе материал мазмұнын бұрмаламай таратуға уағдаласты.

2) Бірде-бір Тараптың екінші Тараптың жазбаша келісімінсіз ақпараттық агенттіктерге немесе ақпараттық компанияларға жаңалықтар материалдарын таратуға құқығы жоқ.


(5) бап

Шығыстар

Осы Меморандумның баптары мен тармақтарын орындау үшін екінші Тараптың ұйымына өз қызметкерлерін жіберетін Тарап өз делегациясының іссапарлық шығыстарын төлейді, ал қабылдаушы Тарап тұратын жер, жергілікті көлік жол ақысын және тек шұғыл жағдайларда, екінші Тарап делегациясы мүшелерін емдеу шығыстарын төлейді.


(6) бап

Дауларды шешу

Осы меморандумның ережелерін іске асырудан туындайтын кез келген дауды Тараптар консультация және келіссөздер арқылы шешеді.


(7) бап

Өзгерістер мен түзетулер

Осы Меморандумға енгізілетін кез келген өзгерістер мен түзетулер осы Меморандумның ажырамас бөлігі болып табылатын жеке хаттамалар түрінде, Тараптар өзара келіскен жағдайда ғана енгізіледі және осы Меморандумның 8-бабына сәйкес күшіне енеді.


(8) бап

Осы Меморандум бес жыл ішінде әрекет етеді және Тараптардың бірі екінші Тарапты мерзім аяқталатын күнге дейін 6 айдан кешіктірмей, Меморандумды бұзу ниеті туралы жазбаша хабардар етпейінше, келесі бес жылға автоматты түрде ұзартылады.


Осы меморандум әр Тарап үшін бір-бірден араб, қазақ және ағылшын тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалып, 2017 жылғы 13 ақпанда қол қойылды, барлық мәтіндердің күші бірдей, дау-дамай туындаған жағдайда, құжаттың ағылшын тіліндегі нұсқасына артықшылық беріледі.


WАМ Жаңалықтар Агенттігі атынан

Мәртебелі

Мүхаммед Джалал Альтрайси

(Моһаmed Jalal Alrayssi)

Executive Director


«ҚазАқпарат» Халықаралық Ақпараттық Агенттігі атынан

Бас директор

Асель Тулегенова


SHARE THIS ON:

26

FEB