Б. Сағынтаев БАӘ ПМК басшысы М. Әл-Гаргавимен кездесу өткізді

IN ЖАҢАЛЫҚТАР On 11-09-2017

Б. Сағынтаев БАӘ ПМК басшысы М. Әл-Гаргавимен кездесу өткізді

 

Кездесу барысында экономиканың түрлі салаларында екіжақты қарым-қатынасты дамыту, елдер арасында стратегиялық серіктестік орнату және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Қазақстанның Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымын құру, өзара инвестицияларды ынталандыру және қорғау туралы Келісім жобасы туралы, сондай-ақ Астана Халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында ынтымақтастық туралы Қазақстанның бастамаларын іске асыру тақырыптары қозғалды.

М. Әл-Гаргави Астанада Ислам ынтымақтастық ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммиті мен «Экспо-2017» өткізудің жоғары деңгейін атап өтті және Қазақстанның тәжірибесі Дубай қаласында келесі «Экспо-2020» Халықаралық көрмесін лайықты өткізуге септігін тигізетініне сенім білдірді.

Өз кезегінде Бақытжан Сағынтаев өзара қарым-қатынасты дамытудың оң қарқынын атап өтті және қазақстандық тарап оны әрі қарай нығайту мен дамытуға барлық күш-жігерін салады деп сендірді.

 

Анықтама:

ҚР мен БАӘ арасында дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 1 қазанда орнады.

Әмірліктер ҚР тауар айналымында әлемнің 205 елінің ішінде 52-ші орынға ие, оның ішінде: Азияның 42 елінің ішінде – 16 орын және Шығанақтың араб елдері арасында – бірінші орын. Өткен жылдың қорытындысы бойынша елдер арасындағы тауар айналымы $374,2 млн құрады және 2015 жылмен салыстырғанда үш еседен астам ұлғайды. Қазақстанның Әмірліктерге экспорты да сәйкес импорттық көрсеткіштерден едәуір – төрт есеге асып түсті және 2016 жылы $305,2 млн құрады.

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында елдер арасындағы тауар айналымы $317,3 млн құрады (экспорт — $273,8 млн, импорт — $43,5 млн). 2005–2016 жылғы кезеңде БАӘ-ден ҚР-ға тартылған тікелей шетел инвестициялары $2 011,8 млрд құрады.

https://primeminister.kz/

 


SHARE THIS ON:

11

SEP