Дубай халықаралық қаржы орталығының басқармасы және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум

IN Келісім On 27-09-2015

Дубай халықаралық қаржы орталығының басқармасы және 

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі арасындағы 

өзара түсіністік туралы меморандум

10 мамыр, 2015 ж.

 

ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ

Осы Өзара түсіністік туралы меморандум (бұдан әрі – Меморандум) 2015 жылғы 10 мамырдан бастап мыналар арасында күшіне енеді:

1) Уровень14, Тһе Gate Building, А/ж 74777, Дубай Халықаралық Қаржы Орталығы (бүдан әрі – ДХҚО немесе Орталық), Дубай, Біріккен Араб Әмірліктері мекенжайы бойынша тіркелген ДУБАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРМАСЫ (бұдан әрі – ДХҚОБ) Бірінші Тарап ретінде

және

2) 050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, “Көктем-3” шағын ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша тіркелген

КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ (бұдан әрі – ҚРҰБ) Екінші Тарап ретінде

Бұдан әрі бірлесіп Тараптар деп аталып,

 

МЫНАЛАРДЫ ЕСКЕРЕДІ:

ِِA) ДХҚО №. (8) 2004 Федералдық заңына, №. (35) 2004 Федералдық

Қаулысына, және №. (9) 2004 Заңына және оған енгізілетін түзетулерге сәйкес құрылған болатын. Батыс Еуропа мен Шығыс Азия арасындағы өңірге қызмет ететін жетекші халықаралық қаржы орталығына жатады. ДХҚО Дубай әмірлік (Біріккен Араб Әмірліктері федерациясының бір бөлігі болып табылатын) аумағындағы жеке географиялық және құқықтық юрисдикция болып табылады.

B) ДХҚОБ Орталықтың қаржылық-экономикалық дамуына және

жоспарлануына, компанияларды тіркеуге, сондай-ақ Компаниялар туралы заңды және Деректерді қорғау туралы заңды қоса алғанда, азаматтық және коммерциялық заңнаманың орындалуын қадағалауға жауап беретін ДХҚО- дағы тәуелсіз корпоративтік орган болып табылады.

C) ДХҚО-ны дамыту ДХҚОБ тұрғысынан алғанда капитал мен инвестицияларға

арналған нарыққа шығудың ғаламдық қаржы картасын қалыптастыруды білдіреді. ДХҚО миссиясы өңірлік экономикалық өсуді ынталандыру,

ДХҚО-ны дүние жүзіне белгілі қаржылық орталық ретінде тану арқылы дамыту және әртараптандыру болып табылады.

D) ҚРҰБ «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.

(Е) ҚРҰБ осы меморандум арқылы қүжаттарды имплементациялауда, ақпарат пен тәжірибе алмасуда, сондай-ақ қаржы саласын дамыту саласында шешімдер қабылдауда жәрдем көрсету үшін ДХҚОБ-ты әріптес ретінде тартуға тырысады.

 

МЫНАЛАР ЖӨНІНДЕ КЕЛІСТІ:

 

  1. ЫҚПАЛДАСУ

Осы Меморандумның кіріспесі, жоғарыда көрсетілген мәлімдемелері және 1 және 2-қосымшалары осы Өзара түсіністік туралы меморандумның ажырамас бөлігі болып табылады.

 

  1. ТАРАПТАРДЫҢ НИЕТІ

Осы Меморандум ДХҚОБ пен ҚРҰБ-тың арасында 1-косымшада көрсетілген саладагы және/немесе қызмет түрлеріндегі ынтымақтастық шеңберін белгілеу ниеті туралы мәлімдемесі болып табылады.

 

  1. ҚАҒИДАТТАР

Тараптар мынадай қағидаларга негізделеді:

a) Тараптар осы Меморандумды орындау мақсатында 1-қосымшада көрсетілген салаларда адал ынтымактасады;

b) Осы Меморандум, тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, ниет туралы мәлімде болып табылады және Тараптың біреуіне қатысты қандай да бір заңдық тікелей немесе жанама міндеттемелерді туғызбайды, бүл туралы күмән туғызбау үшін осы тармақшаға, сондай-ақ 5, 6,10, және 11-баптарға сілтеме болуға тиіс;

c) Осы Меморандумда әрбір Тарап үшін тең қүқықтар мен міндеттер көзделеді;

d) Осы Меморандум Тараптардың заңнамасын ауыстырмайды және өзгертпейді;

(е) Осы Меморандумның ережелері:

i. қолданылатын заңдарға және заң аясындағы актілерге сәйкес;

ii. Тараптар ресурстарының қолжетімділігі шеңберінде;

iii. тиісті Тараптың қоғамдық мүдделеріне қайшы келмейтін қағидаттарға сәйкес қолданылады.

f) осы Меморандум ережелерінің ешқайсысы да осы Меморандумның Тарабы болып табылмайтын қандай да болмасын тұлғаның, үйымның немесе мемлекеттік органның осы Меморандум шеңберінде берілетін ақпаратты алуы не ақпарат алуға арналған сүратуды орындауы үшін тікелей немесе жанама түрде негіз болып табылмайды.

 

  1. ХАБАРЛАУ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС

A) Ынтымақтастық жасау, коммуникация және ақпарат алмасу хабарлар не хаттармен және қүжаттармен алмасу (жазбаша немесе электрондық нысанда) алмасу арқылы жүзеге асырылады.

B) Осы Меморандумда көзделген заңды хабарламалар жазбаша нысанда жасалады және 2-қосымшада көрсетілген мекенжайларға факсимильдік байланыс не тапсырысты хатпен почта бойынша жеткізіледі.

  1. АДАЛ ОРЫНДАУ

A) ДХҚОБ және ҚРҰБ осы Меморандумда жазылған міндеттерді тиісті ынтамен, жоғары кәсіби деңгейде, сондай-ақ қолданылатын заңнамалық және заң аясындағы актілер ескеріле отырып орындайды.

B) Тараптар арасындағы ынтымақтастық осы Меморандумның нормаларын сақтау қағидаттарына да, өзара сенімге және орындамау қолданылатын заңнамалық және заң аясындағы актілердің бүзылуына әкеп соғатын жағдайларды қоспағанда, басқа Тараптың ішкі ісіне араласуға жол бермеуге негізделеді.

 

  1. ШЫҒЫСТАР

Тараптардың әрқайсысы келіссөздер жүргізуге, осы Меморандумның не, егер Тараптар жазбаша нысанда бөлек өзгеше келіспесе, болашақта жасалған ынтымақтастық туралы өзге келісімдердің мақсаттарын дайындауға, орындауға және аяқтауға байланысты шығыстарды (оның ішінде заңды және басқа да консультанттарды тарту шығыстарын) дербес көтереді.

 

  1. АҚПАРАТ АЛМАСУ

A) Жеке тәртіпте жазылған жағдайларды қоспағанда, Тараптар өтеусіз негізде осы Меморандумның мақсатын орындау үшін қажетті ақпаратпен, үрдістермен, есептермен және басқа деректермен алмасуға келіседі. Атап айтқанда, Тараптар кәсіби құпия ұстанымдарына сәйкес және өзара түсіністік негізінде капитал нарығына немесе техникалық көмекке қатысты ақпаратпен және құжаттармен бөлісе алады.

B) Деректерді қорғау туралы заңға сәйкес айқындалған, (1) 2007 нөмірі бар ДХҚО, дербес деректермен кез келген алмасу және/немесе өңдеу Заң ережелеріне сәйкес жүргізілуі тиіс. ҚРҰБ сұратылған ақпаратты беру бойынша ҚР заңнамасының нормаларын басшылыққа алады.

C) Ақпаратты сұратқан (бұдан әрі – «Сұратушы тарап») Тараптың заңнамасымен рұқсат етілген дәрежеде ақпаратты сұратқан Тарап ақпарат ұсынған Тарапты (бұдан әрі – «Ұсынушы тарап») сұратылатын ақпарат қалай және қай жерде пайдаланатындығы туралы хабардар етеді.

 

  1. КОНФИДЕНЦИАЛДЫЛЫҚ ЖӘНЕ АҚПАРАТТАР

(А)      Тараптар алмасу жолымен Тараптар алған және/ немесе осы Меморандумға қатысты, қоса алғанда, бірақ осы Меморандумға талаптары мен қолданысымен шектелмей, кез келген немесе барлық ақпаратты конфиденциалды деп санауы, ақпаратты жария етуді және жариялауды

Тараптардың әрқайсысы жазбаша нысанда толық көлемде бекіткен жағдайларды қоспағанда, не ақпаратты мұндай жария ету қолданыстағы заңдарға немесе заң аясындағы актілерге, сот және басқа құзыретті органның шешімдеріне сәйкес қажет болған жағдайларда, Тараптардан алынған ақпарат негізінде көпшілікке жария етуі тиіс.

B) Жоғарыда жазылғандарға қарамастан, әр Тарап өзінің кәсіби консультанттары үшін осы Меморандумның талаптарын жария ете алады, бұл жағдайда конфиденциалдылық сақгалуы тиіс.

C) Әр Тарап Осы Меморандум шеңберінде басқа Тараптен алынған конфиденциалды ақпаратты қорғау үшін керек және қажет деп санайтын қүралдарды белгілеуі және қолдауы тиіс.

(D)      Осы 8-тармақтың ережелері осы Меморандумға қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және осы Меморандумның қолданылуы тоқтатылғаннан кейін күшінде қалуға тиіс, мынадай жағдайларды қоспағанда, мұнда:

a) ақпарат осы Меморандумның талаптарының бұзылу салдарына байланысты емес жария болғанда; не

b) ақпаратты алушы басқа Тараптан ақпараттың немесе оның бөлігінің конфиденциалды болып табылмайтындығы туралы жазбаша растама алмаса

 

9. ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЗАҢНАМА

Осы Меморандум заңдарға және Біріккен Араб Әмірліктері, Дубай Халықаралық қаржы орталығының заң аясындағы актілеріне сәйкес реттелуге және түсіндірілуге тиіс.

 

  1. МЕМОРАНДУМ МЕРЗІМІ

(А) Қажет болған жағдайда осы Меморандум осы Меморандумның ажырамас бөлігі болып табылатын осындай өзгерістер мен толыктырулар күшіне енген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын жазбаша құжат жасау арқылы Тараптардың өзара келісімі бойынша өзгеруі және толықтырылуы мүмкін.

B) Осы Меморандумның қолданылуы Тараптардың біреуінің тиісті жазбаша хабарлама жіберген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн аяқталғаннан бастап тоқтатылған деп саналатын болады.

C) Дубай қаласында, 2015 жылғы 10 мамырда мемлекеттік, ағылшын және орыс тілдерінде, заң күші бірдей екі түпнүсқа данада жасалды.

D) Өзгерістер мен толықтырулар (қол қоюшылардың өзгеруін қоса алғанда), не осы Меморандумның қандай да бір талаптарынан бас тарту және оған қол қоюға уәкілетті Тараптардың өкілдері бүларды жазбаша нысанда енгізбейінше заң күші болмайды.

(Е) Осы Меморандум қол қойылған Меморандумның заңды күшімен бірдей шексіз тел нүсқада болуы мүмкін.

F) Осы Меморандумның агылшын, орыс және қазақ тілдеріндегі мәтіндер арасында келіспеушілік немесе сәйкессіздік болған жағдайда, ағылшын тіліндегі мәтіннің күші басым болып табылады.

  1. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

A) осы Меморандумға байланысты туындайтын кез келген даулар, оның жүмыс істеуіне, болмысына немесе тоқтатылуына қатысты мәселелерді қоса алғанда өзара тиімді шешімдерге қолжеткізу мақсатында Тараптар арасындағы бірлескен консультациялар арқылы реттелуге тиіс.

B) Егер Тараптар дауды келіссөздер арқылы шеше алмаса, даулар ережелері осы баптың ажырамас бөлігі болып саналатын DIFC-LCIA арбитраж орталығының Арбитраж регламентіне сәйкес қарауға және соңғы шешілу үшін арбитражға берілуі тиіс.

C) Егер Тараптар бір арбитрды сайламаған жағдайда, Арбитраж соты 3 (үш) арбитрдан әр Тарап тағайындаған бір арбитрдан және екі тағайындалған арбитрлар (не арбитрлар келіспеген жағдайда, ДХҚО Соты) сайлаған үшінші арбитрдан (төраға ретінде болатын) қалыптасуы тиіс.

D) Дубайдын халықаралық қаржы орталығы арбитражды жүргізудің орны болып табылады;

E) Ағылшын тілі арбитражды жүргізу тілі болып табылады.

 

Тараптар ниеттерін растау үшін жоғарыда көрсетілген күндегі жағдай бойынша осы Меморандумға қол қоюга ниеттерін білдірді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ  

Қайрат Келімбетов

Төраға

ДУБАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ

ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРМАСЫ

Есса Казим

Төраға

   

                    

1-косымша

КРҰБ мен ДХКОБ арасындағы ынтымактасу салалары

  1. Әлеуетті инвесторлардың Қазақстан мен ДХҚО арасындағы ықтималды және/немесе зерттелмеген инвестициялық мүмкіндіктер туралы ақпараттануын арттыру:  ҚРҰБ ақпараттандыру деңгейін арттыруға және қаржы және байланысты салаларға қолжетімділікті ұсынуға ұмтылады.
  1. Қазақстандағы қаржы және олармен байланысты кәсіптік мекемелермен/ұйымдармен байланысты орнатуға ықпал ету: ҚРҰБ ДХҚОБ-қа халықаралық кеңеюге мүдделі қазақстандық мекемелерге/ ұйымдарға қолжетімділікті қамтамасыз етуге ұмтылады. Өз кезегінде, ДХҚОБ ҚРҰБ-ты халықаралық кеңеюге мүдделі БАӘ мекемелеріне/ұйымдарына қолжетімділікті қамтамасыз етуге ұмтылады.
  2. Семинарлар мен конференцияларды бірлесіп ұйымдастыру (ДХҚО мен Қазақстанда):   ДХҚО мен ҚРҰБ-ның өзара қызығушылығы мақсатында маркетингтік іс-шараларға қатысты мәселелерді талқылау үшін орынды іс-әрекеттер қолданатын болады.
  1. ДХҚОБ Қазақстандағы Қаржы Орталығының (бұдан әрі – ҚО) дамуына ықпал ететін салаларда шектеулі ақпарат ұсыну жолымен ҚРҰБ-мен өз тәжірибесі және білімімен бөліседі: ДХҚОБ ДХҚО-ның тәжірибесімен, оның ұйымдастырушылық құрылымына, нормативтік- құқықтық базасына, бизнестің дамуына, оның Тіркелуін/Қосылуын, сондай- ақ оның адами ресурстарымен танысып, шолу жүргізу үшін кездесулер ұйымдастыру арқылы ҚО-ны дамыту бағытын әзірлеу үшін орынды іс- әрекеттер қолданатын болады.


2-косымша

ТАҒАЙЫНДАЛҒАН НЕГІЗГІ БАЙЛАНЫСТАР

Осы Меморандумның талаптарына сәйкес Тараптар арасында байланыс және ақпаратпен алмасу үшін Тағайындалған Негізгі Байланыстар:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ

 Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, “Көктем-3” шағын ауданы, 21- үй

ДУБАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРМАСЫ

Уровень 14 Тһе Gate а/ж 74777 Дубай БАӘ

Қайрат Келімбетов

Төраға

Тел.:   +7 727 2596-892 Факс: +7 727 2704-703

Есса Казим мырза

Төраға Тел.: +9714 362

Факс: +9714 362

 


SHARE THIS ON:

27

SEP