Елбасы «Болашақ энергиясы» дүниежүзілік саммитіне қатысты

IN ЖАҢАЛЫҚТАР On 16-01-2017

Қазақстан былтыр электромобиль шығара бастады. Өндіріс келешекте кеңейе түседі. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақтың энергиясы» тақырыбында ұйымдастырылған Х дүниежүзілік саммитте айтты. Әбу-Даби қаласындағы басқосуда Президент маңызды бастамалар көтерді. Кеңеске қатысқан өзге елдердің басшылары мен премьер-министрлері алдында «жасыл» технологияның жаһанға қазіргі таңда қажет екенін жеткізді. Орамды ойлар мен пайымды пікірлер алаңында бұдан өзге де ұсыныстар айтылды.

Біріккен Араб Әмірліктері елінде жыл сайын дәстүрлі түрде «Болашақтың энергиясы» саммиті өтеді. Бұл жиыннан әлем көшбасшылары мен үкімет басшылары сырт қалмауға тырысады. Өйткені баламалы энергия көздерінен туындаған тың технологиялар осы жерде таныстыралады. Бүгін 10-нан аса мемлекеттен келген компаниялар жаңалықтарымен бөлісті. 

Ел Президенті – бұл саммиттің бас қонағы. Әбу-Дабидің тақ мұрагері Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян қазақ елінің көшбасшысын осы жиынға арнайы шақырған еді. Тектен-тек емес, әрине. Елбасы – жаһанды «жасыл» технологияға үндеген бірден-бір тұлға. Мұны жалпақ жұрт жақсы біледі. Сол себепті болса керек, қоршаған ортаны қорғау үшін баламалы энергия көздерін дамытушы компанияларға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Zayed Future Energy Prize марапатын тапсырды.

Қазақстан дамушы ел ретінде жел, су энергиясын қолға алды. Қазіргі уақытта еліміздің бірқатар өңірінде бұл бастама табысты жұмыс істеп келеді. Алдағы уақытта таза технологиялық жобаларға басымдық арта түседі. Өйткені таза әрі арзан қуат экономика мен экологияға оң әсірен тигізеді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Мы являемся свидетелями того, как эра повышенного спроса на углеводороды постепенно подходит к концу. К 2040 году половина прироста потребления энергии в странах ОЭСР будет обеспечена за счёт возобновляемых источников. Потребление нефти, по прогнозам, останется на прежнем уровне. В 2015 году впервые инвестиции в возобновляемые источники энергии и энергоэффективность сравнялись с уровнем вложений в нефтегазовый сектор.

Дамыған және дамушы елдердің бұл бағытты ұстанғаны заңдылық. Себебі төрткүл дүниенің таза ауасы былғанып барады. Мәселен, соңғы 40 жылда жер бетінде халық саны 4 млрд-тан 7 млрд-ға өсті. Сәйкесінше электр энергиясын өндіру көлемі 250%-ға артты. Бұл жаһандық жылынуға әкелді. 100 жылда атмосфераға бұрын-соңды болмаған 4 есе көп көмірқышқыл газы шығарылды. Салдарынан жер бетіндегі температура Цельсий бойынша 0,6 градусқа артып, мұхиттардың деңгейі соңғы 50 жылда 25 сантиметрге көтерілді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Среднегодовая температура планеты к тому времени может подняться на 6 градусов. Очевидно, что человечество проводит беспрецедентный «эксперимент», результат которого может быть катастрофичен. Сейчас ни одна страна не может жить по формуле «развивайся сейчас, а экологией займемся потом». Нам остро необходим сценарий обеспечения безопасного энергоэкологического состояния планеты. В идеале, он должен предполагать минимальное повышение температуры планеты – не более чем на 1-2 градуса. Это можно сделать лишь при умеренном росте энергопотребления и активном внедрении «чистой энергетики».

Машиналардың будақтаған көк түтіні де бүгінде ауаны ластап жүр. Әлемде 70% көліктер жанармай жағып, жылына 35 млрд тоннадан асатын көмірқышқыл газын бөледі. Бұл адам деніне де кері әсерін беріп жатыр. Осыны ескерген жұрт автоөнеркәсіпті жаңа технологиямен шығаруға көшіп жатыр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– По прогнозам, доля электромашин вырастет с нынешних 0,08% до 1% к 2020 году и до 30% к 2030 году в общем объеме автотранспорта. Многие мегаполисы мира переходят на чистый общественный транспорт. Недавно я узнал, что эмират Абу Даби изучает возможность постройки линии Hyperloop. Этот вакуумный поезд может развивать скорость до 1200 километров в час. Эмират Дубай работает над внедрением беспилотного такси. В прошлом году мы в Казахстане начали собственное производство электромобилей и намерены расширять его.

Елбасының ұстанымын келген қонақтар құп көрді. Оның сыртында бұл сөздер ЕХРО павильоны арқылы да көрініс тауып тұрды. 

Саммит аясында Елбасы ИРЕНА агенттігінің басшысы Аднан Әминмен кездесті. Екеуара пікір алмасты. Нақтырақ айтсақ, Президент энергия өндірудің жаңа көздерін Қазақстан үнемі қолайтынын жеткізді. Ізін ала ел Президенті Abu Dhabi Global Market сауда аймағына барды. Әлем мойындаған қаржы орталығының бүгінгі тынысымен танысты. Мұнайлы елдің астанасының қаржы және бизнеспен шыққан абыройы тікелей осы мекемеге байланысты. Сол себепті Қазақстан осы орталықпен байланысты ширатады. Тың жобалар жолындағы жұмысты бағдарға алады.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/basty-zha-aly-tar/item/158711-elbasy-b
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz

 

 


SHARE THIS ON:

16

JAN