Елбасы ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктері мемлекетіне барды

IN ЖАҢАЛЫҚТАР On 15-01-2017

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктері мемлекетіне барды. Сапар барысында екі елдің мүддесіне оң әсерін тигізетін маңызды құжаттарға қол қойылмақ. Және де екі күн бойы ел Президенті Әмірліктер елінің басшыларымен кездесіп, алдағы жоспарларды жүйелейді.

Ел Президентінің ұшағы мұнайлы мемлекеттің астанасы Әбу-Даби қаласына қонды. Мемлекет басшысын араб елі бар салтанатымен күтіп алды. Өйткені Әмірліктер басшылығы қазақ елінің көшбасшысын арнайы шақырған еді. Сапар аясында Президенттің қатысуымен келелі кездесулер жоспарланған. Екі елдің түрлі саладағы қарым-қатынасы қаралып, экономикалық байланысты берік ететін маңызды құжаттар бекімек. Сонымен бірге Мемлекет басшысы Әбу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен жүздеседі. Одан кейін Калатрава корпорациясының құрылтайшыларымен жолығып, инвестициялық жобалар жөнінде пікір алмасады. Кешқұрым Біріккен Араб Әмірліктерінің іскер топ өкілдерімен кездеседі. Жиында қос елдің бизнес мүмкіндіктері кеңінен баяндалады. Айтылатын мәнді мәліметтерді алдағы уақытта сіздерге рет-ретімен жеткізіп отырамыз.

Авторлары: Сәкен Сейітханұлы, Әлібек Әлиев, Дулат Ентебеков

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/basty-zha-aly-tar/item/158565-elbasy
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz

 


SHARE THIS ON:

15

JAN