Елбасы 15-16 қаңтарда ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктерінде болады

IN ЖАҢАЛЫҚТАР On 12-01-2017

Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы. Қазақстан Президенті 15-16 қаңтарда ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктерінде болады. Сапар барысында Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекет қайраткерлерімен және іскер топтар өкілдерімен келіссөздер өткізу жоспарланған. Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Даби әмірлігінің тақ мұрагері, БАӘ Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездеседі. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының Х Дүниежүзілік «Болашақтың энергиясы» саммиті жұмысына қатысуы жоспарланып отыр. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/basty-zha-aly-tar/item/158247-elbasy-15-16-a-tarda-resmi-saparmen-birikken-arab-mirlikterinde-bolady
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz


SHARE THIS ON:

12

JAN