ЛАМА ШАРИФ ҚАЙРАТ ҚАЙЫРБЕКҰЛЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІНДЕГІ ЕЛШІСІ

 


1962 жылы 1 қаңтарда Павлодар облысында туылды.

1977-81 жылдары Павлодар педагогикалық училищесінде дәріс алды.

1990 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік университетінің шығыстану факультетін үздік белгімен бітірді.

1984-85 студенттік жылдары Иордания университетінде араб тілін жетілдірді.

2003 жылы Дипломатиялық Академия жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшілер мен ҚР СІМ құрылым басшыларының біліктіліктерін арттыру курсын тамамдады.


 Кәсіби қызметі:


12.1986 – 08.1989 Оңтүстік Йеменде араб тілінің аудармашысы
06.1990 – 07.1991 «Рауан» баспасының шет тілдер редакциясының редакторы
07.1991 – 08.1993 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультетіндегі Араб филологиясы кафедрасының оқытушысы
08.1993 – 12.1993 ҚР СІМ Консулдық басқармасының үшінші хатшысы
12.1993 – 06.1995 Қазақстанның Египеттегі Елшілігінің үшінші хатшысы
06.1995 – 05.1996 Қазақстанның Египеттегі Елшілігінің екінші хатшысы
09.1996 – 02.1997 ҚР СІМ Мәдени байланыстар, гуманитарлық ынтымақтастық және ЮНЕСКО істері жөніндегі басқарманың екінші хатшысы
02.1997 – 04.1997 ҚР СІМ Таяу және Орта Шығыс, Африка Басқармасының екінші хатшысы
04.1997 – 02.1998 ҚР СІМ Таяу және Орта Шығыс, Африка Басқармасының бірінші хатшысы
02.1998 – 12.2000 ‎Қазақстанның Египеттегі Елшілігінің бірінші хатшысы
12.2000 – 06.2002 ‎Қазақстанның Египеттегі Елшілігінің Кеңесшісі
08.2002 – 12.2002 ҚР СІМ Азия, Таяу Шығыс және Африка Департаментінің Бөлім бастығы
12.20002 – 10.2003 ҚР СІМ Азия, Таяу Шығыс және Африка Департаментінің Басқарма бастығы
10.2003 – 04.2004 ҚР СІМ Азия және Африка Департаменті директорының орынбасары
04.2004 – 01.2006 ҚР Президенті Әкімшілігі жанындағы Сыртқы саясат орталығының Бас инспекторы
01.2006 – 07.2006 Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы Бас консулы
07.2006 – 06.2011 Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы ‎Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі
07.2006 – 04.2010 Қазақстан Республикасының Ислам Конференциясы Ұйымдағы Тұрақты өкілі
05.2007 – 06.2011 Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы
01.2008 – 06.2011 Қазақстан Республикасының Оман Сұлтанатындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы
03.2009 – 06.2011 Қазақстан Республикасының Бахрейн Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы
06.2011 – 10.2013 Қазақстан Республикасы Дін істері Агенттігінің Төрағасы
2013 жылдың қазан айынан Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі
2015 жылдың қаңтар айынан        Қазақстан Республикасының Жаңғырмалы энергия көздері жөніндегі Халықаралық агенттігінде Тұрақты Өкілі

Қайрат Лама Шариф «Араб тілінің хрестоматиясы» (2004), «Қазақша-арабша тілашар» (2005), «Қазақстан және әлем елдері» (2005), ‎«Қажылық» (2010) және араб тіліндегі «Қазақстан – Орталық Азияның інжу-маржаны» (2007), ‎‎«Экономикалық дамудың қазақстандық моделі» (2008), «Қазақстан фактілер мен ‎сандарда» (2009), «Қазақстан – көпұлтты ел» (2010) және «Киіз үй – көшпенді ‎қазақтардың үйі» (2010), «Елбасы» (2013), «Астана – Қазақстанның ірі басқару және инновациялық орталығы» (2014), «Болашаққа қош келдіңіздер!» (2015), «Қазақстаннан Әмірліктерге дейінгі Жаңа Жібек жолы» (2015) атты кітаптардың авторы.

Сонымен қатар, оның жалпы редакторлығымен ‎Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына жылсайынғы жолдаулары, Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандық жол» және ‎«Ғаламдық қоғамдастықты ‎түбегейлі жаңарту ‎‎стратегиясы және өркениеттер ‎серіктестігі» кітаптары, «Дағдарыстан шығу кілті», «Бесінші жол» және «Еуропадағы қауіпсіздік пен қауіпсіздік ұйымының тағдыры мен ‎болашағы» мақалалары, Қазақстан ‎Республикасының Атазаңы, «Нұрсұлтан Назарбаев – ұлтаралық және ‎дінаралық татулықтың қазақстандық үлгісінің негізін қалаушы» кітабы, ‎Қ.Тоқаевтың «Қазақстан Республикасы дипломатиясы» және «Нұр мен ‎көлеңке» кітаптары араб тілінде және ‎«Қазақстан мен Сауд Арабиясы: стратегиялық ‎әріптестік жолында», «Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалығы жолында», «Біріккен Араб Әмірліктері мемлекетінің Конституциясы», «Күш – бірлікте», «Жаңғырмалы энергия көздерінің артықшылықтары: Экономикалық құдірет»  атты кітаптар орыс тілінде жарық көрді.

«Қазақстан Республикасының Ата Заңына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) және «Ерен еңбегі үшін» (2008), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016), медальдарымен және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен марапатталған.

II сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл дипломатиялық дәрежесі бар.

Араб тілінде еркін сөйлейді.

Үйленген, бір ұлы, үш немересі бар.