Қажетті құжаттар:

  1. Асырап алынған баланы консулдық есепке алу туралы өтiнiш.
  2. Шетелдіктерге асырап алуға берілген ҚР азаматы болып табылатын балалардың консулдық есепке алу туралы дербес карточкасы.
  3. Ішкi iстер органдарының шетелде тұрақты тұруға шығу үшін рұқсат жазбасы бар баланың Қазақстан Республикасының ұлттық паспорты.
  4. Баланы асырап алушылардың жеке басын куәландыратын құжаттар.
  5. Баланың екі түрлі-түсті фотосуретi 3,4 х 4,5 өлшеммен.
  6. Консулдық алым төленген түбіртек (түпнұсқасы).
  7. Нотариалды куәландырылған бала асырап алушының мүддесін білдіретін жеке тұлғаның атына сенімхат.
  8. Нотариалды куәландырылған баланың туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi.
  9. Нотариалды куәландырылған баланы асырап алу туралы куәлiктiң көшiрмесi.
  10. Нотариалды куәландырылған сот шешімінің көшірмесі.

Қызметтің толық атауы: Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды есепке алу.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Нысан бойынша баланың паспортына мөртабан қою жолымен шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды есепке алу немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

загруженное