Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының құзырлы органдарымен бірге «Қазақстан Республикасының визаларын беру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларын» (бұдан әрі – Қағидалар) әзірледі. Аталған Қағидалар Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2013 жылдың 10 сәуірінде № 8407 нөмірімен тіркелді.

Жаңа Қағидалар 2011 жылғы 22 шілдедегі «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкестендіру, қолданыстағы визаларды беру ережелерін жетілдіру, сондай-ақ шет ел азаматтарының ҚР аумағына кіруін, ҚР аумағынан шығуын және ҚР аумағында болуын реттеу мақсатында қабылданды.
Қағидаларға алғашқы рет «көшіп келуге жатпайтын», «көшіп келуге» және «шығуға» арналған визалардың түрлері енгізілді.

«Көшіп келуге жатпайтын» визаларға келесі санаттағы визалар жатады:
1. Дипломатиялық (А1, А2, А3);
2. Қызметтік (B1, B2, B3);
3. Инвесторлық (С1, С2);
4. Іскерлік (D1, D2, D3, D4, D5, D6, D7, D8);
5. Миссионерлік (Е1, Е2, Е3);
6. Туристік (F1);
7. Жеке сапар (G1, G2, G3, G4);
8. Транзиттік (H1).

«Көшіп келуге жататын» визаларға:
1. Отбасын біріктіруге арналған (К1, К2, К3);
2. Білім алуға арналған (L1, L2);
3. Еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған (М1, М2, М3, М4, М5);
4. Гуманитарлық және саяси уәждер бойынша келгендерге арналған (N1, N2).

Қазақстан Республикасының визаларын ресімдеу үшін ҚР-дың аумағында тіркелген шақырушы заңды тұлғалар ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің (бұдан әрі – КҚД) визалық қолдауын алдын ала ресімдеуі тиіс.

Осы мақсатта КҚД-не келесі құжаттар тапсырылады:
– А қосымшасында көрсетілген құжаттар;
– заңды тұлғаның өтпелі жылмен нотариалды куәландырылған жарғысы мен мемлекеттік тіркеу туралы (қайта тіркелу) анықтамасы және салықтың соңғы үш айда төленгені туралы анықтамасы (жылына бірінші рет арызданған заңды тұлғалар үшін).
– заңды тұлғалардың өкілдерінен сенімхаттар талап етіледі (КҚД-нің визалық қолдау нөмірін ресімдеуге құжат тапсыру және визалық қолдау нөмірін алу үшін).
Шақырылатын шетелдіктердің мәліметтері ақпараттық жүйеге қатесіз енгізілу мақсатында, шақыру қағазының №2-қосымшаға сәйкес электронды WORD форматында толтырылған нұсқасын электронды ақпарат тасымалдағышта тапсыру талап етіледі.
Электронды нұсқада жіберілген қате мәліметтер үшін жауапкершілік толығымен шақырушы тарапқа артылады.
ҚР СІМ КҚД күмән тудыратын, қате және толық толтырылмаған шақыру хаттарын қабылдаудан бас тартуға құқықы бар.
Қазақстан Республикасының Халықаралық әуежайларында орналасқан ҚР СІМ-нің консулдық пункттерінде Қазақстанның визалары визалық қолдау немесе ҚР СІМ-нің нұсқауы негізінде Қазақстан Республикасының консулдық мекемелері жоқ шет елдерінің азаматтарына беріледі.

Нақты шығыстардың орнын толтыру үшін төлемақыны (шақырылатын әрбір шетел азаматы үшін) (бір, екі-, үш- және көп мәртелік визалар үшін – 01.01.2014 жылдан бастап. – 5556 теңге) заңды/жеке тұлғалармен төмендегі есеп-шотқа төленеді:

Алушы                                РМК “ҚР СІМ Шаруашылық басқармасы”
Алушы банкі                        ИИК  KZ72914398416BC06615
БСН 020240002254
ДБ АО СБЕРБАНК филиалы, Астана қ.
БИК SABRKZKA, КБЕ 16,
Төлемнің қолданыс коды 859
КБЕ 16

Шот-фактураны РМК мекен жайында алуға болады:
010000, Астана қ. Д. Конаев к,, 31. тел.(8-7172)-72-00-96, 72-00-13, факс 72-00-89.

Алушы                                 Қаржы Министірінің Салық комитеті
Алушы банкі                         Астана қаласы, ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті
ЖИК – KZ24070105KSN0000000
БСН – 021040001589
Кіріс коды 108101
БИК – KKMFKZ2A
Төлемнің қолданыс коды – 911
КБК-108101 «ҚР СІМ консулдық алымы»
КБЕ – 11

Ескертпе: төлем түбіртектері банктің мөрімен куәландырылған болуы тиіс.

Электронды түрде жүзеге асырылған төлем түбіртектері банктің мөрімен куәландырылған болуы тиіс.

Қолмен толтырылған төлем түбіртектері банкпен берілген фискальді чек болған жағдайда ғана қабылданады.

Құжаттарды қабылдау:
– Астана қаласында: Қабанбай батыр көшесі, 28, IV кіреберіс, ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті, визалық сектор.
– Алматы қаласында: Айтеке би көшесі, ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті, КҚД-нің қабылдау бөлмесі, 8 (7272) 72-09-39, 72-03-11.
Құжаттарды және визалық мәселелер бойынша сұрақтар бойынша қабылдау күндері: дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма күндері 09:30-дан 12:30-ға деінгі уақытта. Сәрсенбі қабылдау жүргізілмейтін күн.
Басқа қалаларда орналасқан заңды тұлғалар тиісті құжаттарды жоғарыда көрсетілген мекен жайға тапсырады, ал шақырылатын шетелдіктер туралы электронды WORD форматындағы мәліметтер visa-kz@mfa.kz – ке жолданады.

Сенім телефондары:

ҚР СІМ КҚД Паспорттық-визалық басқармасының басшысы – Аян Нұрғалиұлы Қашабаев, 72-04-68

ҚР СІМ КҚД директорының орынбасары – Керім Қуандықұлы ҚОЖАМБЕРДИЕВ, 72-04-34

ҚР СІМ КҚД директорының қабылдау бөлмесі – 72-01-64

ҚР СІМ КҚД Алматы қаласындағы өкілдігі Паспорттық-визалық басқармасының басшысы – Ғазиз Арықбайұлы АҒЫБАЕВ – 72-09-39

ҚР СІМ КҚД Алматы қаласындағы өкілдігі директоры орынбасарының қабылдау бөлмесі – 72-04-47

ҚР СІМ-нің визалық қолдауын ресімдеу туралы кеңестерді келесі телефон нөмірлер арқылы алуға болады:

Визалық сектор – 8 (7172) 72-04-70, 72-04-71, 72-03-07, 72-04-88

Визалық сектордың аға дипломаты – Омаров Алмасбек Хамитұлы, 72-04-73

Қазақстан Республикасының визаларын беру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидалары

№1-қосымша. Растамахат

№2-қосымша. Кесте

№3-қосымша. Қазақстан Республикасының бір мәртелік «А1», «А2», «В1», «В2», «D1» және «G1» санаттарындағы, сондай-ақ бір мәртелік және екі мәртелік «F1» санатындағы визаларын ресімдеу кезінде азаматтары визалық қолдау немесе шақыру қағазын міндетті түрде көрсетуден босатылатын мемлекеттер тізімі

Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен визалық режимі