Қажетті құжаттар:

  1. Консулдық есепке тұру туралы өтініш.
  2. Өлшемі 3х4 см бір түрлі-түсті фотосурет.
  3. Жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқасы және көшірмесі).
  4. Толтырылған есептік карточка.
  5. Мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек (түпнұсқасы) ұсынуы қажет.

Консулдық округ аймағында тұратын немесе уақытша жүрген Қазақстан Республикасының балалары болып табылатын және сотпен әрекет етуге қабілетсіз деп танылған азаматтарды есепке алу үшін қажетті құжаттарды олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) тапсырады.

Қызметтің толық атауы: Шет елде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Консулдық округ аумағында уақытша немесе тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын (іссапарға, оқуға, тағылымдамаға, келісімшарт бойынша жұмысқа, емделуге немесе жеке істері бойынша келген) консулдық есепке алу немесе қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап

загруженное