Қазақстандық визаларды алу тәртібі

ХАБАРЛАНДЫРУ

 «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 838 қаулысына сәйкес егер Қазақстан Республикасында болу кезеңі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезден бастап күнтізбелік отыз күннен аспаса келесі мемлекеттердің азаматтары ҚР-ға визаcыз келеді және ҚР-дан визасыз кетеді:

1.     Америка Құрама Штаттары

2.     Аустралия Одағы

3.     Аустрия Республикасы

4.     Бельгия Корольдігі

5.     Болгария Республикасы

6.     Біріккен Араб Әмірліктері

7.     Германия Федеративтік Республикасы

8.     Грек Республикасы

9.     Дания Корольдігі

10.   Жаңа Зеландия

11.   Жапония

12.   Израиль Мемлекеті

13.   Ирландия Республикасы

14.   Исландия Республикасы

15.   Испания Корольдігі

16.   Италия Республикасы

17.   Канада

18.   Кипр Республикасы

19.   Корея Республикасы

20.   Латвия Республикасы

21.   Литва Республикасы

22.   Люксембург Ұлы Герцогтігі

23.   Мажарстан

24.   Малайзия

25.   Мальта Республикасы

26.   Мексика Құрама Штаттары

27.   Монако Князьдігі

28.   Нидерланд Корольдігі

29.   Норвегия Корольдігі

30.   Польша Республикасы

31.   Португалия Республикасы

32.    Румыния

33.   Сингапур Республикасы

34.   Словак Республикасы

35.   Словения Республикасы

36.   Түркия Республикасы

37.   Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі

38.   Финляндия Республикасы

39.   Француз Республикасы

40.   Хорватия Республикасы

41.   Чех Республикасы

42.   Чили Республикасы

43.   Швейцария Конфедерациясы

44.   Швеция Корольдігі

45.   Эстония Республикасы

 

Осыған орай, ресми-сайтта көрсетілген телефондар бойынша ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің қызметкерлері қосымша кеңес беруге дайын екендігін жеткізеді. Сондай-ақ, ҚР аумағында іскерлік мақсатта болуын күнтізбелік отыз күннен артық ұзарту туралы өтініш берген кезде, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге «іскерлік» санатындағы бірмәртелік визаларды беруді жүзеге асырады.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидалары