Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Экономика министрлігінің арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы МЕМОРАНДУМ

IN Келісім On 01-02-2017


Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі

мен

Біріккен Араб Әмірліктерінің Экономика министрлігінің арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік 

туралы

МЕМОРАНДУМ


Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Экономика министрлігі, екі елдің арасында достық қарым-қатынастарды нығайтуға ұмтылатынын көрсетуге өзара негізде, туризм дамыту және ынтымақтастық арттыру мақсатында,

төмендегілер туралы келісті:


1-БАП

Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына және халықаралық шарттарға сәйкес осы Өзара тусіністік туралы Меморандумның шеңберінде туризм саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар жасайды.


2- БАП

Тараптар өз  мемлекеттерінің туристік секторын дамыту саласында ақпарат пен статистика мәліметтерімен алмасатын болады.


3- БАП

Тараптар туризм саласына инвестиция тарту үшін тиісті туристік ұйымдарды тартады. Осы мақсатта тараптар екі мемлекеттің туризм саласындағы тәжірибе мен бағдарламаларының сапасы жайлы ақпаратпен, тұрақты дамыту мен технологиялық инновациялармен алмасады.


4-БАП

Тараптар өз елдерінің туристік ұйымдарының өз өнімін ілгерілету мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін оларды қатысушы мемлекет ұйымдастырған туризмді дамыту көрмелерінде, конференцияларда, жәрмеңкелерде, тақырыптық күндерде, семинарлар мен іс-шараларға қатысуын ынталандырады, сондай-ақ мемлекеттерінің туристік саласындағы ұлттық заңнамасы туралы ақпарат алмасатын болады.


5-БАП

Тараптар туризм саласындағы техникалық жәрдемдесу мен маркетинг тәжірибесімен алмасу мүмкіндігін, елдегі туристік ұйымдардың арасындағы ынтымақтастықты қолдайды.


6-БАП

Тараптар туризм өнеркәсібіндегі білім саласындағы ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндікті зерттейді.


7-БАП

Осы Өзара тусіністік туралы Меморандумның талаптарын іске асыруға үшін жауапты уәкілетті органдар болып табылады:

Қазақстан тарапынан: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі;

Араб тарапынан: Біріккен Араб Әмірліктерінің Экономика министрлігі;

Уәкілетті органның атауы мен функциялары өзгерген жағдайда, Тараптар дипломатиялық арналар арқылы бір-бірін хабардар етеді.


8-БАП

Осы Өзара тусіністік туралы Меморандум халықаралық келісім болып табылмайды және халықаралық құқықпен реттелетін қандай да бір құқықтар мен міндеттерді туындатпайды. Осы Меморандум сонымен бірге Тараптарға ешқандай қаржы міндеттемелерін туындатпайды.


9-БАП

Осы Өзара тусіністік туралы Меморандумның ережелерін түсіндіру және бейімдеу кез келген даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар консультациялар мен келіссөздер арқылы шешілетін болады. Тараптар өзара келісулер негізінде осы Өзара тусіністік туралы Меморандумға енгізулері мүмкін, олар 9-бабында көзделген рәсімдер арқылы жүзеге асырылатын болады, толықтырулар мен түзетулер Өзара тусіністік туралы Меморандумның ажырамас бөлігі болып жеке хаттамалар түрінде ұйымдастырылуы тиіс.


10-БАП

Осы Өзара тусіністік туралы Меморандум қол қойылған күннен күшіне енеді және бес жылдық мерзімге жасалады. Қол қойған тараптардың бір бес жылдық мерзімі аяқталған күнге дейін кем дегенде алты ай бұрын қарсы өзінің ниеті туралы дипломатиялық арналар арқылы хабардар етпесе,ол қосымша бес жылдық кезеңге автоматты түрде жаңартылады.

2017 жылдын « 15 » қаңтарында Әбу Даби қаласында екі түпнұсқа, әрқайсысы қазақ, орыс, араб және ағылшын тілдерінде жасалды, барлық мәтіннің күші бірдей болып табылады.

Осы Меморандумның ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінді басшылыққа алады.


        

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

үшін


 Біріккен Араб Әмірліктері

Экономика министрлігі

үшін

 
 


SHARE THIS ON:

1

FEB