Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Дипломаттық паспорттарды иеленуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА

IN Келісім On 02-02-2017


Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Дипломаттық паспорттарды иеленуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімге

өзгерістер енгізу туралы

ХАТТАМА


Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі,

2010 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Дипломаттық паспорттарды иеленуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 7 – бабын басшылыққа ала отырып,

төмендегілер туралы келісті:


                 

1-бап

1. Келісімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Дипломатиялық, қызметтік және арнайы паспорттарды иеленуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісім».

2. Келісімнің 1-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

«1.Тараптар Келісімді жүзеге асыру мақсатында бір Тарап мемлекеті азаматтарының екінші Тарап мемлекетінің аумағына кіруі үшін жарамды құжаттар тізбесіне келесі құжаттарды енгізуге уағдаласты:

– Қазақстан Республикасының азаматтары үшін:

дипломатиялық паспорт;

қызметтік паспорт;

– Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматтары үшін:

дипломатиялық паспорт;

арнайы паспорт».

«2. Екінші Тарап мемлекетінің аумағында орналасқан дипломатиялық және консулдық өкілдіктердің қызметкерлерін қоспағанда, бір Тарап мемлекетінің азаматтары – осы баптың 1-тармағында аталған паспорттардың иелері екінші Тарап мемлекетінің аумағына халықаралық қатынас үшін ашық өткізу пункттері арқылы визасыз кіруге және шығуға, оны кесіп өтуге және онда 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзімде болуға құқылы».

«3. Келісімнің бүкіл мәтіні бойынша кездесетін «дипломаттық паспорт (-қа; -тың; -тары; -тарды; -тардың;)» деген сөздер «дипломатиялық, қызметтік және арнайы паспорт (-қа; -тың; -тары; -тарды; -тардың;)» деген сөздермен ауыстырылсын».


2-бап

Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруден немесе қолданудан  туындайтын кез келген келіспеушіліктер мен даулар Тараптар арасындағы консультациялар және келіссөздер жолымен шешіледі.


3-бап

Осы Хаттама белгіленбеген мерзімге жасалады және тараптардың оның күшіне енуі үшін қатысты мемлекеттік ішкі рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.

Осы Хаттама Келісімнің қолданысы тоқтатылған күннен бастап өз қолданысын тоқтатады.

Әбу Даби қаласында 2017 жылғы «15» қаңтарда әрқайсысы қазақ, араб және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.


Қазақстан Республикасының

Үкіметі үшін

Қайрат Әбдірахманов

Сыртқы істер министрі


Біріккен Араб Әмірліктерінің

Үкіметі үшін

шейх Абдалла бен Заид Әл Наһаян

Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


SHARE THIS ON:

2

FEB