ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МИНИСТРЛІГІ МЕН БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІ ИСЛАМ ІСТЕРІ ЖӘНЕ УАҚЫФТАР БАС БАСҚАРМАСЫ АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ

IN Келісім On 01-02-2017


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МИНИСТРЛІГІ МЕН БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІ ИСЛАМ ІСТЕРІ ЖӘНЕ УАҚЫФТАР  БАС БАСҚАРМАСЫ АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК ТУРАЛЫ

МЕМОРАНДУМ


Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктері Ислам істері және уақыфтар бас басқармасы,

дін істері саласында ынтымақтастықты нығайту бойынша ортақ ниеттеріне негізделе отырып,

төмендегілер туралы келісті,


1-бап

Тараптар қоғамның игілігі үшін ақпаратпен, дін мәселелері жөніндегі заңдармен, зерттеулермен, өздері шығаратын басылымдар мен мерзімді баспасөзбен алмасады, сондай-ақ бір-бірін жоғарыда аталған ақпарат көздерінің тізімдерімен тұрақты түрде қамтамасыз етеді.


2-бап

Тараптар әртүрлі деңгейдегі делегациялармен және сапарлармен алмасады және әр Тарап өз құзыретінің шегінде Тараптар ұйымдастыратын семинарларға, конференцияларға және шараларға қатысады.


3-бап

Әр Тарап осы Меморандумның жүзеге асырылуынан туындайтын шығындарды өз мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес дербес көтереді.


4-бап

Қажеттілікке орай Тараптар осы Меморандумда көрсетілген уағдаластықтардың орындалуын қадағалау мақсатында бірлескен жұмыс тобын құрады. Жұмыс тобының мүшелерін тағайындау және олардың кездесу жиілігі Тараптардың өзара келісімі бойынша дипломатиялық арналармен хат алмасу арқылы анықталады.


5-бап

Осы Меморандумның ережелері Тараптар қатысатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтар мен міндеттемелерді қозғамайды.


6-бап

Тараптар осы Меморандумға қатысты барлық хабарландырулармен жазбаша түрде дипломатиялық арналар арқылы алмасады.


7-бап

Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Меморандумға өзгертулер енгізілуі мүмкін, олар оның ажырамас бөліктері болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделеді.


8-бап

Осы Меморандумның ережелерін түсіндіру немесе қолдану кезінде туындаған келіспеушіліктерді Тараптар үшінші тарапқа, сот органдары немесе арбитражға жүгінбей консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі.


9-бап

Осы Меморандум қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және егер Тараптардың біреуі кемінде алты (6) ай бұрын оның қолданылуын тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарламаны екінші Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы жолдамаса, өз күшін сақтайды.

2017 жылы «15» қаңтарда Әбу Даби қаласында, әрқайсысы қазақ, араб және ағылшын тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, сондай-ақ барлық мәтіндердің күші бірдей.

Осы Меморандумның ережелерін түсіндіру бойынша келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.


Қазақстан Республикасының

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі үшін


 

Біріккен Араб Әмірліктерінің

Ислам және уақыфтар істері

жөніндегі бас агенттігі үшін
 


SHARE THIS ON:

1

FEB