Қазақстан-әмірлік бірлескен комиссиясы алтыншы отырысының Хаттамасы

IN Келісім On 20-08-2017

 

Қазақстан-әмірлік бірлескен комиссиясы алтыншы отырысының Хаттамасы

(Әбу-Даби қ. 12-15 қаңтар 2017 ж)

 

Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері  арасындағы достық және бауырлық байланыстарды нығайту мақсатында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Біріккен Араб Әмірліктері Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның екі бауырлық мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты белсендету және тереңдету бойынша жарлығына сәйкес,

2017 жылғы 12-15 қаңтар Әбу-Даби қаласында Қазақстан-әмірлік сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссяның алтыншы отырысы өткізілді.

Қазақстандық бөлігін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек басқарды, әмірлік тарапты Біріккен Араб Әмірліктері Сыртқы істер жөніндегі Мемлекеттік министрі доктор Сұлтан әл-Джабер басқарды. Сарапшылар отырысы 2017 жылғы 12 қаңтарда өткізілді. Қазақстандық тарапты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Қартайұлы Хаиров басқарды, әмірлік тарапты Біріккен Араб Әмірліктері Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрінің орынбасары Мұхаммед Шараф басқарды (отырыс қатысушыларының құрамы қоса беріледі). Отырыс бауырлық, достық және өзара түсіністік және әртүрлі салалардағы, оның ішінде сауда-эконмикалық және техникалық ынтымақтастықты нығайтуға өзара бағытталу атмосферасында өтті. Тараптар екі мемлекеттің экономикалық жағдайын және екіжақты қатынастың жай-күйін  қарастырды және экономикалық, сауда және инвестициялық салалрдағы қатынастарды жақсарту үшін күш салудың қажеттілігін растады.

 

Тараптар отырыстың қорытындысы бойынша екі ел арасында келесі келісімдердің қол қоюына қанағатанарлық білдірді:

 

  1. ҚР Үкіметі мен БАӘ Үкіметі арасындағы Астана және Әбу-Даби қаласында ҚР Елшілігі мен БАӘ Елшілігінің қажеттілігі үшін жер учаскесін қайтарымсыз пайдалануға өзара беру туралы келісім;
  2. ҚР Үкіметі мен БАӘ Үкіметі арасындағы дипломатиялық

паспорттарды иеленуші азамматар үшін өзара визасыз сапарлар туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы Хататама;

  1. ҚР Сыртқы істер министрілгі мен БАӘ Сыртқы істер және

халықаралық ынтымақтастық министрлігі арасындағы консулдық мәселелер бойынша бірлескен комиссия құру туралы өзара түсіністік туралы меморандум.

  1. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен БАӘ Экономика министрілігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастықта өзара түсіністік туралы меморандум;
  2. ҚР Инвестициялар және даму министрілігі мен БАӘ Жер және су көлігі жөніндегі федералды агенттегі арасындағы жолаушыларды және жүктерді халықаралық автокөліктік тасымалдау туралы меморандум;
  3. ҚР Дін істер және азаматтық қоғам министрлігі мен БАӘ Ислам істері және вакуф жөніндегі бас агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  4. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК мен «Дубай ЭКСПО-2020» бюросы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  5. Маңғыстау облысы әкімдігі мен DP World компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  6. ҚР Президенті жаныдағы Стратегиялық зерттеулер институты мен Әмірлік стартегиялық зерттеу және талдау ортылығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

 

Екі ел арасындағы келіссөздер өзара түсіністік және бауырластық жағдайында өтті және тараптар келесі нәтижелерге қол жеткізді:

 

  1. Екі елдің Сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық.

Саяси салада:

1.1. Тараптар өзара қызығушылық танытатын әртүрлі аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты.

1.2. Тараптар әртүрлі деңгейде екіжақты ынтымақтастықты дамытудың жолдарын талқылады.

1.3. Қазақстандық тарап БАӘ-нің Үкіметіне Қазақстанды 2017-2018 жылғы БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі құрамына сайлауда Қазақстан кандидатурасын қоодағаны үшін алғыс білдірді.

1.4. Қазақстандық тарап әмірлік тарапының БАӘ-нің Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі шейх Абдалла бен Зайед әл Нахаянның 2017  жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасына ресми сапарын ұйымдастыру ниетін қолдайды.

1.5. Тараптар екі ел арасындағы ерекше саяси қатынасты атап өтті және директив және екі елдің басшыларының тапсырмалары негізінде халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша консенсусты атап кетті.

Консулдық қызмет саласында:

1.6. Тараптар Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктері Үкіметі арасындағы дипломатиялық паспорт иеленуші азаматтарға өзара визасыз өту туралы, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктері Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігі арасындағы консулдық мәселелер бойынша бірлескен комиссия құру туралы Меморандумның қол қоюына қанағаттанарлық білдірді.

 1.7. Тараптар 2017 жылы консулдық мәселелер бойынша бірлескен комиссияның бірінші отырысын өикізуді келісті.

1.8. Тараптар ҚР-дың жалпы азаматтық паспорт иеленушілеріне визалық талаптардан босату бойынша жұмыстарды жалғастыруға дайындықты білдірді.

1.9. БАӘ-нің адам ресурстары және әмірліктендіру министрлігі

қазақстандық тараппен еңбек ресурстарын және жұмыс күшін тарту саласындағы ынтымақтастықтың жолдарын талқылауға қызығушылық білдірді. Осыған байланысты, әмірлік тарап қазақстандық тарапқа жұмыс күшін тарту саласында өзара түсіністік туралы меморанудм жобасын қарастыруға және хабардар етуге дипломатиялық арналар арқылы жіберді.

 

  1. Сауда-экономикалық, инвестициялық қаржы және банк

саласындағы  ынтымақтастық

Сауда саласында:

2.1. Тараптар екі мемлекет арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты қарқындату қажеттілігін растады және екі ел арасындағы өзара сауда көлемін арттыру және экономикалық ынтымақтастықты нығайту жолдарын зерделеуді келісті.

2.2. Тараптар ЭКСПО-2017 көрмесіне БАӘ ұлттық павильонының Комиссары  болып Әмірлік Ұлттық Медиа Кеңесінің бас директорының орынбасары доктор Салем әл-Америді тағайындауды қолдады.

2.3. Тараптар әмірлік ірі компаниялардың ЭКСПО-2017 базасында ашылатын Астана Халықаралық Қаржы Орталығына (АХҚО) қатысу мүмкіндігін талқылады, сондай-ақ ірі қазақстандық компанияларды Abu Dhabi Global Market-пен ынтымақтастық орнатуға шақырды.

2.4. Қазақстандық тарап әмірлік тарапты Қазақстанда жүргізіліп жатқан ірі кәсіпорындарды жекешелендіру саясаты туралы хабардар етті, және де әмірлік компаниялар мен инвесторларды осы бағдарламаға қатысуға шақырды. Әмірлік тарап әмірліктер компанияларының осы салаға шақыруға үміт білдірді.

2.5. Тараптар 2008 жылғы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп Палатасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Сауда-өнеркәсіп федерация арасында қол қойылған Қазақстан-әмірлік Іскерлік кеңесін құру туралы Меморандумға сәйкес жұмысты қарқындатуға келісті.

 

 

Экономика және инвестиция саласында:

2.6. Дубай экспортты дамыту агенттігі мен қазақстандық тарап ислам экономикасына негізделген екі ел арасындағы ислам экономикасы саласындағы ынтымақтастықты талқылау мүмкіндігін және осы салада тәжірибе алмасуды қолдады (ислам банкингі және халал өнімдер).

2.7. Тараптар шағын және орта бизнесті дамыту саласында екі ел арасында тәжірибемен алмасуды келісті.

2.8. Тараптар тұрақты түрде инвестициялық ынтымақтасу және ақпарат алмасу мақсатында екі мемлекеттің іскерлік топтарының бизнес форумдарда, семинарларда және бірлескен конференцияларға қатысуын көтермелеуді келісті.

2.9. Тараптар тұрақты түрде инвестиция саласында заңнама және нормативтік актілер туралы, сондай-ақ тиісті құрылымдар арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамыту шеңберінде жоспарланған іс-шаралар туралы ақпаратпен алмасуды келісті.

2.10. Тараптар екі мемлекет арасында өзара тікелей инвестицияларды тарту және ақпарат алмасу механизмдері саласында ынтымақтастықты дамыту мәселелерін зерделеуді келісті.

Осыған байланысты, тараптар мұнай газ машина жасау, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өндеу, мал шаруашылығы, тау-кен саласы, фармацевтика, құрыыс индустриясы, энергияның жаңартылатын көздерін дамыту, туризм, ақапараттық технология және қызмет көрсету, қаржы және логистикалық қызмет, денсаулық сақтау, көлік және байланыс салаларында перспективалы инвестициялық жобалар туралы ақпаратпен алмасатын болады.

2.11. Әмірлік тарапы қазақстан тарапының БАӘ-нің Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі шейх Абдалла бен Зайед әл Нахаянның 2017 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасына ресми сапары шеңберінде Қазақстан-әмірлік бизнес форумын өткізу туралы бастамасын қолдады.

2.12. Тараптар еркін экономикалық аймақтарға қатысты саясат және арнайы процедуралар саласында ынтымақтастық туралы келісті.

2.13. Әмірлік EGA компаниясы алюминий өнерәсібі саласында ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу жолдарын қарастыруды ұсынды.

Қаржы және банкі саласында:

2.14. Тараптар Инвестицияны көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімнің алдағы уақытта қол қою қажеттілігін атап өтеді.

2.15. БАӘ-нің Орталық банкі екі ел арасыында банктік қатынасты дамыту мақсатында ынтымақтастықтың нығаю маңыздылығын атап кетті.

2.16. Қазақстандық тарап 2015 жылғы 27 сәуірде Мемлекет басшысымен «ислам қаржыландыруын сақтандыру мәселелері бойынша ҚР-дың кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу және толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойылғанын атап өтті, оған сәйкес Commodity Murabaha (Сауда Мурабаха) инструментіне қатысты салық салуға жеңілдік қолдану қарастырылған.

 

  1. Энергетика және жаңартылатын энергия көздері

саласындағы ынтымақтастық.

3.1. Қазақстандық тарапы IPIC компаниясына Қазақстанның мұнай газ химиялық жобаларына мемлекеттік қолдау шаралары бойынша материалдарын берді және полиэтилен, бутадиенді өндеу бойынша немесе мұнай газ химия саласындағы жобаларды бірлесіп іске асыруды ұсынды. Бұдан басқа, қазақстандық тарап полиэтилен мен бутадиен жобалары бойынша қажет ақпаратты IPIC компаниясына берді, бұл компания ақпаратты зерттеуге дайындық білдірді.

3.2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы жөніндегі Хартияға қосылу бойынша материалдарды әмірлік тарапына қарау үшін жолдады. Әмірлік тарап «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы жөніндегі Хартияға қосылу мүмкіндіктерін зерттейді.

3.3. БАӘ Энергетика министрлігі және MASDAR компаниясы қазақстандық тараппен жаңартылатын энергия көздері саласында және энергияны тиімді пайдалану, оның ішінде осы саладағы дайындау бойынша бірлескен бағдарламаларды ұйымдастыру, конференцияларға тұрақты түрде қатысу және қоғамға қолжетімді статистикалық деректер және ақпарат пен алмасу жөнінде екіжақтық қарым-қатынасты дамытуға қызығушылық білдірді.

3.4. IPIC және Mubadala Petrolium компаниялары қазақстандық тарапты мұнай, газ және барлық мұнай химиялық салаларында инвестициялық мүмкіндіктерді дамытуға шақырды.

3.5. ADNOC компаниясы жоғары күкіртті газды өндірістік өндеу, дамыту және қолдану бойынша қазақстандық тараптың тиісті тәжірибесін қабылдауға ниет білдірді.

3.6. MASDAR компаниясы жаңартылатын энергия көздерінің инвестициялық мүмкіндіктерін, сондай-ақ су, жел, күн энергиясы, және су мен электр тәуелсіз өндеу (IWPP) бизнес моделіне негізделген тұщыландыру технологиялары бойынша мамандырылған Қазақстанның құзыретті тарапымен бірлесіп зерттеуге ниет білдірді. Белгіленген мүмкіндіктер коммерциялық/техникалық атқарылатын болады, кірісі мол, қаржыландырылатын, сондай-ақ тәуекелдің нақты деңгейін көрсетеді.

3.7. БАӘ-нің Ядролық энергетика корпорациясы бейбіт ядролық энергиясын қолдану саласында қазақстандық тараппен екіжақты ынтымақтастықты дамытуға тырмысады.

 

  1. Көлік және логистика саласындағы ынтымақтастық.

4.1. Екі жақтың авиациялық биліктері 1995 жылғы 2 мамырда парафирленген Әуе қатынасы келісімімен белгіленген базаны және екі жақтың биліктерімен қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандумды талқылады.

4.2. Екі жақ код-шер туралы келісімдердің ережелерін одан әрі талқылауды жалғастыру туралы уәделесті.

4.3. Екі жақ 2017 жылғы 15-16 ақпанда әуе қатынасы туралы ресми екіжақты кеңестер өткізуге уәделесті. Келісім сөздер өткізудің нақты орны дипломатиялық арналар арқылы мақұлданатын болады.

4.4. ҚР-дың Авиациялық биліктері БАӘ-нің Авиациялық биліктеріне Air Arabia авиакомпаниясын Қазақстан Республикасының Авиациялық биліктерімен коммерциялық мәселелерді талқылауды шақыруға өтініш білдірді.

Логистика қызметтері саласында:

4.6. Қазақстандық тарапы «Ақтау теңіздік халықаралық порты» АҚ, «Ақтау теңіздік солтүстік терминал» ЖШС және «Хоргос-Шығыс қақпалары» АЭА және «DP World» компаниясы индустриялық және логистикалық аймақтарына компанияны инвестициялауға қатысу ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.

Ынтымақтастық келісімі шенберінде «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ және әмірлік тарапының «DP World» компаниясы арасында, тәуелсіз кеңес берушінің бағалау нәтижелері бойынша тараптар осы жобаларға қатысу бойынша талаптарды мақұлдайды.

4.7. Тараптар ҚР мен БАӘ арасында жүктерді тасымалдау мүмкіндіктерін (автомобильдік, теміржол және теңіз тасымалдаулары) талқылады.

4.8. Тараптар «Ақтау теңіз порты» АЭА-ға инвесторларды тарту шараларын өткізу бойынша уағдаластыққа қол жеткізді.

Пошталық қызметтер саласында:

4.9. Әмірліктердің пошта қызметі клиенттерге қызметтің сапалы деңгейін қамтамасыз ету және нарыққа белсенді қатысуын қамтамасыз ету мақсатында электрондық сауда саласында ынтымақтастықты дамытуға ниет білдірді.

 

  1. Ғарыш және метеорология саласындағы ынтымақтастық:

Ғарыш саласында:

5.1. Тараптар бейбіт мақсатта Ғарыш кеңістігін пайдалану және зерттеу саласында өзара түсіністік меморандумына қол қою, дистанциялық зондпен жерді тексеру, спутниктік байланыс, спутниктік навигация, кіші спутниктерді ұшыру, сондай-ақ ғарыш саласында оқу бағдарламаларын ұйымдастыру салаларындағы ынтымақтастық және жаңа инвестициялық мүмкіндіктер үшін маңызды қадам болып табылатынын келісті.

5.2. Әмірлік тарап қазақстандық тарапқа зерттеу және қазақстандық ұйымдардың мүмкін болатын қатысулары үшін БАӘ-нің Ғарыш ғылымы, технологиялар және инновация бойынша жол картасы туралы ақпаратты жолдайды.

5.3. Тараптар ғарыш саласындағы ынтымақтастықты белсендіру үшін Жұмыс тобын құруды келісті.

Метрология саласында:

5.4. Әмірлік тарап Бүкіләлемдік метрологиялық ұйымның (БМҰ) 2017 жылғы ақпанда Әбу-Даби қаласында өтетін 32-отырысында БАӘ-нің тұрақты өкілінің кандидатурасын Азия бойынша Аймақтық президент постына қолдау бойынша өтініш білдірді. Қазақстандық тарап БАӘ-нің кандидатурасын қолдауды растады және өзінің шешімі туралы дипломатиялық арналар арқылы хабарлайды.

 

  1. Әскери және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық

6.1. ҚР Қорғаныс министрлігі және БАӘ ӘӘК Бас штабы ҚР мен БАӘ Қорғаныс министрліктерінің арасында әскери саладағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік жөніндегі Меморандумға 2016 жылдың 1 маусымында қол қоюға қатысты қанағаттанарлық білдірді.

6.2. Тараптар әскери-техникалық серіктестікті, әскери қауіпсіздікті, білімді, әскери дайындықты және бітімгерлік қызметті қоса алғандағы әскери салада екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға келісті.

6.3. Әмірлік тарап Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің әскери-оқу дайындық орталықтарын (полигондарын) бірлесіп пайдалануға қызығушылық танытты, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің әскери оқу-жаттығу орталықтарының инфрақұрылым нысандарына инвестиция салу мәселесін қарастыруға дайын екенін жеткізді.

6.4. Қазақстандық тарап әскери оқу орталықтарын Біріккен Араб Әмірліктерімен бірлесіп пайдалану үшін беруге дайын екендігін жеткізді.

6.5. Қазақстандық тарап және әмірлік «Тауазун» холдингі әскери өнеркәсіп саласында тараптар арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық жолдарын дамыту мақсатында жұмыс істеу туралы келісімге келді.

Әмірлік тарап «Тауазун» холдингінің құрамына кіретін компаниялардың мүмкіндігімен және әлеуетімен таныстыру үшін «Тауазун» индустриалдық паркіне қазақстандық делегацияға жұмыс іс-сапарын ұйымдастыруды ұсынды.

 

 

 

 

  1. Білім беру, мәдениет, басқару, зерттеулер және ислам істері салаларындағы ынтымақтастық

Мәдениет саласында:

7.1. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және БАӘ Мәдениет және білімді дамыту министрлігі ҚР Үкіметі мен БАӘ Үкіметі арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім жобасын талқылады.

7.2. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен БАӘ Мәдениет және білімді дамыту министрлігі көрмелер ұйымдастыру, мәдениет саласындағы материалдар мен жарияланымдар алмасу, сонымен қатар басқа да салалар (кино, театр, музыка, қолөнер) бойынша екі ел арасындағы ынтымақтастықты жалғастыру туралы келісімге келді.

7.3. . ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен БАӘ Мәдениет және білімді дамыту министрлігі екі елдің кітапхана қорында сақталған араб тіліндегі қолжазбаларды зерттеу мүмкіндігін қарастыруға дайын екендіктерін білдірді.

7.4. Тараптар жоғары білім, сонымен қатар ғылыми зерттеулер саласында ынтымақтастықты жалғастыру туралы келісімге келді.

Басқару саласында:

7.5. 2016 жылдың 30 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен шейх Мұхаммед бен Рашидтің Мемлекеттік басқару институты арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

7.6. Тараптар ҚР және БАӘ мемлекеттік қызметтері жүйесіндегі жұмыс тәжірибесімен таныстыру мақсатында ҚР және БАӘ мемлекеттік мекемелеріне сапарлар ұйымдастыру үшін дипломатиялық арналар арқылы ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін жеткізді.

Зерттеулер және стратегиялық талдау саласында:

7.7. Тараптар зерттеулер және стратегиялық талдау саласындағы бірлескен ынтымақтастық және үздік тәжірибемен алмасу жолдарын талқылады.

7.8. Тараптар ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты мен Әмірліктік стратегиялық зерттеулер және талдау орталығы (ЭСЗТИ) арасындағы ынтымақтастық туралы Келісімге қол қоюға қатысты қанағаттанарлық білдірді.

7.9. Тараптар зерттеулер және стратегиялық талдау саласындағы бірлескен ынтымақтастық және тәжірибе алмасу, екі елдің саясаттанушылары мен сарапшылары арасындағы тура байланысты нығайту жолдарын талқылады.

7.10. Тараптар жыл сайынғы бірлескен «дөңгелек үстелдер», конференциялар және симпозиумдар өткізу туралы келісімге келді. Мәселен, 2017 жылдың сәуір айында Әбу-Даби қаласында Қазақстан Республикасы мен БАӘ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнауына 25 жыл толуына орай «дөңгелек үстел», ал 2017 жылдың қыркүйек айында Орталық Азия мен Таяу Шығыстағы зорлық-зомбылық экстремизм идеяларының тарауына қарсы тұру стратегиялары бойынша «дөңгелек үстел» өткізу ұсынылып отыр.

7.11. Сондай-ақ тараптар өмірдің өзекті салаларындағы ғылыми мамандарды екі елдің алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарына дәріс ұйымдастыру үшін жіберу арқылы тәжірибе алмасуға деген қызығушылықтары бар екендігін білдірді.

7.12. Әмірлік тарап жаңалық алмасу саласындағы қарым-қатынасты нығайту және ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтылу мақсатында Қазақстанның Халықаралық Ақпараттық Агенттігі (ҚАЗАҚПАРАТ) мен Emirates News Әмірлік Жаңалықтар Агенттігі (WAM) арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум жобасын ұсынды.

Дін істері саласында:

7.13. Бауырлас халықтар мүддесі үшін ҚР Дін істер және азаматтық қоғам министрлігі мен БАӘ Ислам және вакуф істер жөніндегі бас агенттігі екі елдегі дін саласында қабылданған нормативтік-құқықтық актілермен, сонымен қатар аталған саладағы зерттеулермен, жарияланымдармен және журналдармен алмасу туралы келісімге келді.

 

  1. Ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық

8.1. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен БАӘ Климаттың өзгеруі және қоршаған орта министрлігі Қазақстанның ауыл шаруашылығына ұзақмерзімді инвестициялар салу мүмкіндігін нығайту және ҚР ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасын кеңейту туралы келісімге келді.

8.2. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен БАӘ Климаттың өзгеруі және қоршаған орта министрлігі қазақстандық қасапханаларды аккредитациялау бойынша жұмысты жалғастыру туралы келісімге келді. БАӘ Климаттың өзгеруі және қоршаған орта министрлігі экспортқа қызығушылық білдірген қазақстандық қасапханаларға қолдау білдіріп, БАӘ-де үшінші елдерден аккредитациялану бойынша қызмет БАӘ Климаттың өзгеруі және қоршаған орта министрлігінің сайтында олардың орналасуы арқылы экспортқа бағытталған барлық компанияға қолжетімді екенін атап өтті.

8.3. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен БАӘ Климаттың өзгеруі және қоршаған орта министрлігі мал дәрігерлігі саласындағы ынтымақтастық туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен БАӘ Климаттың өзгеруі және қоршаған орта министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум жұмысының белсенді түрде іске қосылуын талқылады.

8.4. Әмірлік «Джинан» компаниясы Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы салаларына инвестиция салу үшін жаңа мүмкіндіктердің ашылуы маңызға ие екенін растады.

8.5. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Әмірлік «Агзия» компаниялар тобы жас және тоңазытылған жеміс, ұн, жем, сүт өнімдері, қызанақ және бұрыш тұздықтары, құрғақ сүт, өсімдік майы, бидай, арпа, жемшөбі, жүгері және соя өндірісінде екі елде қолданылатын барлық рәсімге сәйкес ынтымақтастық қажеттілігін атап өтті.

 

  1. Туризм және денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастық

Туризм саласында:

9.1. Тараптар туризм саласында орнаған немесе орнауы мүмкін түйткілді жағдайлар кезінде бірлесіп күш салу туралы келісімге келді.

9.2. Қазақстандық тарап Астана ЭКСПО 2017 шарасына дайындық мақсатында қазақстандық және араб туристік операторлары арасында B-2-B кездесулер өткізу мәселесін қарастыруды ұсынды.

Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық

9.3. Қазақстандық тарап денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға, сонымен қатар аталған салаға инвестиция тартуға мүдделі. Қазақстандық тарап Әмірлік тарапына мемлекеттік және жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асырылады деп жоспарланып отырған денсаулық сақтау жобаларының тізімін қарастыруға жіберуге дайын.

9.4. Тараптар Әбу-Дабидегі «Cleveland Clinic» клиникасы арқылы медициналық қызметтер көрсету саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екендіктерін білдірді.

9.5. Тараптар жүрек-қан тамырлары жүйесі, дем алу, жүйке жүйесі, көз және асқазан-ішек жолдары мүшелерін емдеу бойынша қызметтер көрсететін «Cleveland Clinic» клиникасында қазақстандық ем алушылардың емделуі үшін бірлескен ынтымақтастық мүмкіндігін талқылады.

9.5. Әмірлік «Юниверсал» емханасы медицина туризмі саласында, сонымен қатар Қазақстан Республикасынан медбикелер тарту және дайындау бойынша ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін білдірді.

 

  1. Құқық саласындағы ынтымақтастық

ҚР Бас прокуратурасы мен БАӘ Әділет министрлігі сотталғандарды тапсыру туралы келісім-шарттың қалған баптарын талқылады және пікір алмасқан соң тараптар дипломатиялық арналар арқылы ақтық келісімге жіберілетін жаңа ұсыныстар дайындайды.

ҚР Бас прокуратурасы мен БАӘ Әділет министрлігі құқықтық саладағы ынтымақтастықты жоғары бағалады және экстрадациялау барысында пайда болатын қиындықтарды шешу, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету үшін екіжақты кездесулер өткізудің маңыздылығын атап өтті.

 

Отырыстың қорытындысы бойынша Тараптар Комиссия отырысының ұсыныстарын қолдануға келісті. Тараптар кезекті жетінші отырысты Астана қаласында (Қазақстан Республикасы) өткізуге келісті, іс-шараны өткізу уақыты дипломатиялық арналар арқылы келісілетін болады.

2017 жылғы 15 қаңтарда Әбу-Даби қаласында қазақ және араб тілдеріндегі екі данада қол қойылды.

 

 

ҚАЗАҚСАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ АТЫНАН

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ

ДАМУ МИНИСТРІ

ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК

БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІНІҢ ҮКІМЕТІ АТЫНАН

 

 

 

 

 

 

БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІ СЫРТҚЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК МИНИСТРІ ДОКТОР СҰЛТАН ӘЛ-ДЖАБЕР

 

 

 


SHARE THIS ON:

20

AUG