ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2014 ЖЫЛҒЫ

ҚАҢТАР-НАУРЫЗДАҒЫ  ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ

ДАМУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

 

ҚР Статистика агенттігінің жедел деректері бойынша 2014 жылы қаңтар-наурызда ЖІӨ көлемі  2013 жылдың сәйкес кезеңіне  қарағанда 2,9% құрады.

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2014 жылғы қаңтар-наурызда 2013 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 102,5%-ды құрады.

Экономиканың нақты секторы.

2014 жылғы қаңтар-наурыздағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4502,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2013 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 0,3%-ға аз. Кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді өңдеуде нақты көлем индексі 99,2% құрады. Есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінде 0,3%-ға өсу орын алды. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 1,6%-ға ұлғайды, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау – 0,7%-ға төмендеді.

Табиғи газ өндіру көлемінің өсу қарқыны 105,5%-ды, металл кенін өндіру – 102,8%-ды, түсті метал кенін өндіру – 103,8%-ды құрады, шикі мұнай өндіру 2,0%-ға азайды.

Металлургия өнеркәсібіндегі өнім өндірісі 5,9%-ға азайды (қара металлургия 12,7%-ға ұлғайды, түсті металлургия 16,3%-ға төмендеді), мұнайды қайта өңдеу өнімдерін өндіру – 2,0%-ға, химия өнеркәсібі – 11,3%-ға азайды. Машина жасауда өсу – 13,9%-ды құрады.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2014 жылғы қаңтар-наурызда 228,9 млрд. теңгені құрады және 2013 жылғы қаңтар-наурызбен  салыстырғанда 3,6%-ға ұлғайды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2014 жылғы қаңтар-наурызда 246,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2013 жылғы қаңтар-наурызға  қарағанда 3,9%-ға көп.

Жүк тасымалының жалпы көлемі 2014 жылғы қаңтар-наурызда 754,5 млн. тоннаны құрады және 2013 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 3,5%-ға ұлғайды. Оның ішінде автомобиль көлігімен жүк тасымалы – 5,5%-ға, ұлғайды, ал теміржол көлігімен тасымалдау – 11,7%-ға, әуе көлігімен – 6,6%-ға, құбыр көлігімен – 0,8%-ға қысқарды.

Жүк айналымы 2014 жылғы қаңтар-наурызда 104,5 млрд. ткм. құрады, бұл 2013 жылғы қаңтар-наурыздан 3,9%-ға аз.

Жолаушылар айналымы 2014 жылғы қаңтар-наурызда 57,9 млрд. жкм құрады, 2013 жылғы қаңтар-наурызбен  салыстырғанда 6,9%-ға ұлғайды.

Байланыс қызметі 2014 жылғы қаңтар-наурызда 11,2%-ға өсті, 159,3 млрд. теңгені құрады.

Бөлшек сауда тауар айналымы 2014 жылғы қаңтар-наурызда 1207,6 млрд. теңгені құрады және 2013 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 9,7%-ға ұлғайды.

Көтерме сауда тауар айналымы есепті кезеңде 2947,9 млрд. теңгені құрады және 2013 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 10,9%-ға ұлғайды.

ҚР Статистика агенттігінің деректер бойынша Қазақстанның сыртқы сауда айналымы Ресей және Беларусь елдерімен өзара сауданы есепке ала отырып 2014 жылы қаңтар-наурызда 31,1 млрд. АҚШ долл. құрады және 2013 жылдың қаңтар-наурызбен салыстырғанда 3,7%-ға ұлғайды, оның ішінде экспорт – 22,6 млрд. АҚШ долл. (11,0%-ға көп), импорт – 8,5 млрд. АҚШ долл. (11,7%-ға азайды).

Сауда теңгерімінің оң сальдосы 14,1 млрд. АҚШ долларын құрады (2013 жылғы қаңтар – наурызда – 10,5 млрд. теңге АҚШ долларын құрады) және 1,3 есе ұлғайды.

Кеден одағы елдерімен өзара сауда 2013 жылғы қаңтар – наурызда 4199,9 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2013 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 22,1%-ға аз, оның ішінде экспорт 1207,9 млн. АҚШ долларын құрап 27,9%-ға төмендеді, импорт 2992,0 млн. АҚШ долларын құрап,  19,8%-ға азайды.

ҚР Ұлттық Банкінің төлем балансының жедел деректері бойынша Қазақстанның сыртқы сауда айналымы  2014 жылғы 1 тоқсанда 32,2 млрд. АҚШ долл. құрады және 2013 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,8%-ға ұлғайды., оның ішінде экспорт – 22,7 млрд. АҚШ долл. (10,8%-ға өсті), импорт – 9,4 млрд. АҚШ долл. (7,4%-ға азайды).

Сауда теңгерімінің оң сальдосы 13,3 млрд. АҚШ долларын құрады (2013 жылғы 1 тоқсанда – 10,3 млрд. теңге АҚШ долларын құрады) және 28,8%-ға ұлғайды.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2014 жылғы қаңтар-наурызда 896,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2013 жылғы қаңтар-наурызға  қарағанда 1,9%-ға көп.

Қаржыландыру көздері бойынша.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар құрылымында кәсіпорындардың, ұйымдардың меншік қаражаттарының үлесі 64,0%-ды, соның ішінде шетел банктердің несиелері – 1,8%-ды, бюджет қаражаты – 10,9%-ды және қарыз қаражаты – 16,8%-ды құрады.

Еңбек нарығы.

2014 жылғы наурызда жұмыссыздар саны 463,5 мың адамды құрады.  Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 5,1%-ды құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдардың саны 2014 жылғы ақпанның соңында 52,3 мың адамды немесе экономикалық белсенді халық санының 0,5%-ын құрады. Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,4%-ын құрады.

Халықтың табысы.

Халықтың орташа жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табыстары бағалау бойынша 2014 жылғы қаңтар-наурызда 173,3 мың теңгені құрады. Өсім 2013 жылғы қаңтар – наурызбен салыстырғанда номиналды мәнде 9,0%-ды, нақты мәнде 3,4%-ды құрады.

Қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 2014 жылғы қаңтар – наурызда 108,8 мың теңгені құрады, өсім номиналды мәнде 7,5%-ды, нақты мәнде 1,9%-ды құрады.

Инфляция.

Инфляция деңгейі 2014 жылғы наурызда өткен аймен салыстырғанда 101,0%-ды (2013 жылы наурызда 100,2%)   құрады.  Азық-түлік тауарларының бағасы 1,3%-ға (0,2%) өсті, азық-түлік емес тауарларына 1,0%-ға (0,2%), ақылы қызметтерге баға индексі 0,5% (100,0%) құрады.

2014 жылғы наурызда 2013 жылдың наурызына 6,2%-ды құрады, тарифтер мен ақылы қызметтерінің бағасы 7,3%-ға өсуі есебінен (2013 жылы наурызда – 13,1%)  2013 жылғы наурыздан 0,6 пайыздық тармаққа төмен қалыптасты, азық-түлік тауарлары бағасының өсуі 5,5%-ды (4,7%), азық-түлік емес тауарлары 6,0%-ды (3,3%) құрады.