ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институты және Әмірліктер Дипломатия академиясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум

IN Келісім On 20-08-2017

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институты және Әмірліктер Дипломатия академиясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум

 

БҰЛ МЕМОРАНДУМ  2017 жылы 30 сәуірде

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институты директоры, доктор Әнуар Аязбеков мырза (бұдан әрі «Екінші тарап»  деп аталады)

және

Әмірліктер Дипломатия академиясының  Бас директоры мәртебелі Бернардино Леон мырза (бұдан әрі «Бірінші тарап» деп аталады)

 

арасында жасалынды.

 

Бұдан әрі екі тарап «Тараптар» деп аталады,

 

Преамбула

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институты мен Әмірліктер Дипломатия академиясы жоғары білікті мемлекеттік қызметшілерді даярлау және зерттеу саласында достық және ынтымақтастық қарым-қатынастарды дамытуға ниет білдіре отырып,

 

 

Тараптар төмендегілер туралы келісімге келді:

 

(1) Бап

Жоғарыдағы преамбула осы келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.

 

(2) Бап

Мақсаттар мен ынтымақтастық түрлері

 

Тараптар мынадай ынтымақтастық түрлерін дамытуға ниетті:

  1. Бірлескен оқу, даярлау және/немесе зерттеу іс-шаралары.
  2. Тәжірибемен алмасу және конференциялар, симпозиумдер мен семинарларға қатысу үшін ғалымдарды шақыру.
  3. Екі тарапқа қызығушылық тудыратын салаларда ақпарат алмасу.
  4. Профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлер және білім алушылармен оқу және зерттеу жүргізу мақсатында алмасу.
  5. Алдын ала белгіленген немесе басқа жолмен таңдап алынған жерлерде тәжірибелік оқытуды ұйымдастыру.

 

(3) Бап

Аталған іс-шараларды іске асырмас бұрын, Тараптардың ықтимал шығындар, зияткерлік меншік, жауапкершілік және басқа мәселелер бойынша Арнайы келісімге қол қою мүмкіндігі талқыланатын болады.

 

(4) Бап

Тараптардың міндеттері

 

Осы Меморандумды іске асыру үшін тараптар қажетті жағдайларды қамтамасыз етуді өз міндеттеріне алады:

  1. Маңызды ақпаратты уақытында ұсынуды қамтамасыз ету үшін тұрақты түрде байланыс жасау.
  2. Осы Меморандум тараптар үшін қандай да бір қаржылай міндеттемелерді қалыптастыруға бағытталмаған. Тараптар осы Меморандумды жүзеге асыру үшін қаржылық келісімдерді жасау қажеттілігін талқылайды және олар қаржылық мүмкіндігінің болуына байланысты болады.
  3. Осы Меморандум шеңберінде жүзеге асырылатын жекелеген жобалар бөлек Арнайы келісімдерде қарастырылатын болады.  

 

(5) Бап

Қаржылық келісімдер

Осы Меморандум қандай да бір қаржылық міндеттеме болып табылмайды.

 

(6) Бап

Ұзақтығы мен тоқтатылуы

Осы Меморандум ерікті түрде жасалған және Бірінші тарап және/немесе Екінші тараптың уәкілетті тұлғаларының өзара келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін. Осы Меморандум тараптардың уәкілетті тұлғалары қол қойған күннен бастап күшіне енеді және тараптардың өзара келісімі бойынша өзгертілгенге немесе тоқтатылғанға дейін күшінде қалады.  

 

(7) Бап

Жалпы ережелер

  1. Осы Меморандум 5 жыл ішінде әрекет етеді және тараптардың жазбаша келісімі бойынша келесі мерзімге жаңартылады. Меморандумға өзгерістер енгізуге немесе оны тоқтатуға ниетті тарап, ұсынылған өзгерістер күшіне енбес бұрын 3 ай ішінде алдын ала екінші тарапқа жазбаша түрде өзінің ниеті туралы ескертуге міндетті.
  2. Осы Меморандум тараптарға қандай да бір заңды міндеттемелерді жүктемейді және екі мекеменің нормативті құжаттарын өзгертпейді немесе күшін жоймайды.
  3. Тараптар өзара келісім бойынша кез келген уақытта Меморандумның кез келген бабын түзетуді талап ете алады.
  4. Егер тараптар бірігіп қаржылық шығындарды және/немесе күрделі жұмыстарды қажет ететін нақты бір жобаны іске асыруды ұйғарса, олар жобаға байланысты заңды міндеттемелерді жүктейтін келісім немесе басқа да келісім шарт түрін жасайды.
  1. Осы Меморандум тараптар арасында бұрын жасалған барлық ауызша немесе жазбаша келісімдерден немесе протоколдардан басым түседі.

 

(8) Бап

Жауапкершілік

Әр тарап үшінші тараппен барлық міндеттемелері үшін толық өзі жауапты  және ешқандай  үшінші тарап тараптардың осы құжатқа байланысты кез келген әрекетсіздігі немесе немқұрайлығына байланысты тараптармен келіссөз жүргізе алмайды.

 

(9) Бап

Меморандумның көшірмелері

Осы меморандум ағылшын тілінде 2 данада, араб тілінде 2 данада және қазақ тілінде 2 данада жасалған, барлық мәтіндер бірдей және тең дәрежеде заңдық күшіне ие. Айырмашылықтар туындаған жағдайда, ағылшын тіліндегі нұсқа басым болады.

 

(10) Бап

Ескертулер мен хат алмасу

–  Барлық ескертулер мен хат алмасу тараптардың тиісті мекен-жайларына немесе   тараптар мерзімде түрде белгілеген мекен-жайларға жазбаша немесе электронды түрде жіберіледі.

–   Тараптар төменде көрсетілген мекен-жайлар бойынша бір-бірімен байланыса алады:

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің жанындағы

Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институты

33a, Abay ave., Astana, 010000

Kazakhstan

Әмірліктер Дипломатия академиясы

Behind Falcon Tower on Hamdan Bin Mohammed Street, Al Hosn Palace District, Abu Dhabi, UAE

PO Box  35567

Бірінші тарап                                                            Екінші тарап

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия

институты

 

____________________________

Әнуар Аязбеков

Директор

Әмірліктер Дипломатия академиясы

 

 

 

 

____________________________

Бернардино Леон

Бас директор

 

 

 


SHARE THIS ON:

20

AUG