IN Келісім On 20-08-2017

ӘБУ-ДАБИ ҚАЛАСЫНЫҢ МУНИЦИПАЛДЫҚ ІСТЕР МЕН КӨЛІК БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ

(БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІ)

ЖӘНЕ АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ (ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ)

АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК ТУРАЛЫ

МЕМОРАНДУМ

 

 

Тараптар осы Өзара түсіністік туралы меморандумға (бұдан әрі – «Меморандум») 2017 жылдың 23 мамырында қол қойып,

төмендегілер туралы келісті:

 

Бірінші тарап:

Әбу-Даби қаласының Муниципалдық істер және көлік департаменті (бұдан әрі – «Бірінші тарап») Әбу-Даби қаласы, БАӘ-дегі мекен-жайы бойынша тіркелген пошта жәшігі (3), Муниципалдық істер мен көлік департаментінің Төрағасы Жоғары мәртебелі Ауаида Муршед әл-Марар атынан.   

 

Екінші тарап:

Астана қаласының Әкімдігі (бұдан әрі – «Екінші тарап»), Астана қаласы, Қазақстан Республикасы пошта жәшігі 010000, Астана қаласының әкімі Асет Исекешев атынан.

Әрқайсысы –  Тарап және бірге – Тараптар деп аталады.

 

1-бап

Кіріспе:

Осы Келісім Әбу-Даби қаласы мен Астана қаласы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум деп аталады.

Аталған кіріспе осы Меморандумның ажырамас бөлігі болып табылады.

 

2-бап

Меморандум мақсаты:

Осы Келісімнің мақсаты екіжақты қарым-қатынастарды нығайту және ортақ мүдделер мәселелері бойынша Біріккен Араб Әмірліктері мен Қазақстан Республикасы халқы арасындағы ынтымақтастық болып табылады. Осы қарым-қатынастардың маңыздылығымен келісе отырып, Тараптар тең құқылы әрі өзара тиімді негіздерде бір-бірінің арасында келісімділік пен ынтымақтастықты кеңейтуге және нығайтуға ықылас білдірді.

 

3-бап

Стратегиялық ынтымақтастықты орнату:

Тараптар қызмет көрсету мен құрылыс салаларында, көрсетілетін қызметтерді жақсартудың жолдарын зерттеуде, заңнамалық базаны қалыптастыруда, өзара тиімді мемлекеттік және жеке серіктестіктің мүмкіндіктерін ашуда ең үздік іс-тәжірибелермен алмасу мақсатында тиімді негізді қамтамасыз ету үшін ынтымақтастық туралы келісім жасады. Осы Меморандум сәйкес елдердің қолданыстағы заңдары мен нормаларына сәйкес жасалды.  

 

4-бап

Осы арқылы Тараптар тең құқылы әрі өзара тиімді негіздерде Астана мен Әбу-Даби қалалары арасында қарым-қатынасты орнатты.

 

5-бап

Тараптар қалалық қызмет көрсету салаларында, шығармашылық топтарға, мәдениеттің көрнекті өкілдеріне баруға, сонымен қатар, өнерге қатысты көрмелерді ұйымдастыруда ақпаратпен және тәжірибемен тұрақты алмасуды қолдау керек.   

 

6-бап

Тараптар екі қала арасындағы ресурстарды тиімдірек басқару үшін инновация және ынтымақтастықтың басқа нысандары саласында ынтымақтастықтың жаңа жолдарын ашу бағытында жұмыс істеуі керек. 

 

7-бап

Тараптар өзара тиімді негіздерде бірлескен жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру мүмкіндіктерін зерттеу қажет.

 

8-бап

Тараптар осы Меморандумды жүзеге асыру барысында туындауы мүмкін қиыншылықтарды талқылауға және Тараптармен келісілген бейбітшілік шешімді табу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға өздерінің дайындығын білдіреді.  

 

9-бап

Есепке алу:

Тараптар осы Меморандум бойынша барлық мәселелердің тиісті есебін жүргізуі керек.  

 

10-бап

Өзгерістер:

Осы Меморандумның кез келген тармағына немесе қағидасына өзгерістер, ерекшеліктер және/немесе толықтырулар тек Тараптардың жазбаша келісімі бойынша ғана енгізілуі тиіс.

 

11-бап

Құпиялылық:

Тараптар осы Меморандумға байланысты алынған барлық ақпарат пен деректердің құпиялылыған қамтамасыз етуге және берілген ақпараттың немесе деректердің иесі болып табылатын басқа Тараптың жазбаша келісімінсіз оларды ашпауға міндеттенеді.

 

12-бап

Зияткерлік меншік:

Тараптар зияткерлік және авторлық құқықтардың, сонымен қатар, басқа Тараптың құқықтарынының бұзылуынан аулақ болу үшін оларды зерттеуге міндеттенеді.

 

13-бап

Даналары:

Осы Меморандум 2017 жылдың 23 мамырында Астана қаласында әрқайсысы қазақ, араб және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

 

14-бап

Келешектегі ынтымақтастық:

Тараптар осы Меморандумның әрекет ету аясын кеңейту үшін осы Меморандум бойынша ынтымақтастықтың басқа салаларын қарастырып, пікірлермен алмаса алады. Кез келген осындай шешім Тараптармен жазбаша түрде келісілуі керек.   

 

15-бап

Меморандум әрекеті және оны бұзу:

Меморандум қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және 5 (бес) жыл ішінде әрекет етеді. Оның әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін және оны басқа тараппен қабылдағанға дейін, кем дегенде, 12 ай бұрын бір тараптан екінші тарапқа осы Меморандумның әрекет ету мерзімін ұзарту ықыласын жазбаша хабарлама бағытталған жағдайда ұзартылуы мүмкін.

Тараптың кез келгені, кем дегенде, алты ай бұрын екінші тарапқа жазбаша хабарлама ұсыну арқылы осы Меморандумның әрекет ету күшін бұзуға да болады. Дегенмен, Меморандумды бұзу осы Меморандумның қағидаларына сәйкес қолданыстағы немесе басталатын бірлескен жобаларды аяқтауға немесе ертеректе басталған рәсімдерге әсер етпейді.

 

16-бап

Жалпы қағидалар:

Осы Меморандум бойынша Тараптар арасындағы қарым-қатынастар дербес болып табылады. Тараптардың әрқайсысы өзінің заңды, ұйымдастыру және қаржылық дербестігіне сақтап қалады.  

Тараптар осы Меморандумның қағидаларын жүзеге асыруға ықпал ететін барлық күш-жігер мен іс-шараларды үнемі қолдануы қажет.

Аталмыш қағидаларды куәландыру мақсатында, жоғарыда көрсетілген күні осы Өзара түсіністік туралы меморандумға Тараптар қол қойды. 

 

 

Муниципалдық істер мен көлік

департаментінің Төрағасы

 

Ауаида Муршед әл-Марар

Астана қаласының Әкімі

 

 

Асет Исекешев

 


SHARE THIS ON:

20

AUG