59

IN Келісім On 08-06-2016


Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Мемлекеттік басқару академиясы және

Мұхаммед бен Рашид Мемлекеттік басқару институты

арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы МЕМОРАНДУМ


«Қазақстан Республикасы Президентің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны атынан ректор Б.С.Абдрасилов бірінші тараптан және Мұхаммед бен Рашид Мемлекеттік басқару институты атынан атқарушы президент Али Себаа әл-Марри екінші тараптан, бұдан әрі Тараптар деп аталатындар, жоғары білікті мемлекеттік қызметшілерді даярлау саласында ынтымақтастықты нығайту мен дамытуды қалай отырып;

Өз мемлекеттерінің мүдделері үшін берік әрі тиімді ынтымақтастықтың қажеттілігіне сене отырып,

Төмендегілер туралы келісімге келді:


1-бап

Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына және халықаралық құқық нормаларына сәйкес тең құқықтық пен өзара сыйластық негізінде ұзақ мерзімді және өзара тиімді қарым-қатынастар орнатады және қолдайды.


2-бап

Осы Меморандумның мақсаты мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік басқару, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік саясат және халықаралық қатынастар саласында ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру бағыттары бойынша тәжірибемен алмасу болып табылады.


3-бап

Тараптар мына салаларда алмасу және ынтымақтасу бойынша іс-шаралар өткізуге келісті:

  • Әртүрлі бағыттар бойынша, оның ішінде мемлекеттік қолдаумен қаржы орталықтарын дамыту және Smart-қала құру бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттырудың бірлескен оқу-білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
  • Өзара келісілген тақырып бойынша халықаралық сарапшылардың қатысуымен дәрістер/семинарлар өткізу;
  • Мемлекеттік басқару, мемлекеттік саясат, менеджмент, халықаралық қатынастар, заңтану, экономика, статистика, әлеуметтік жұмыс немесе Тараптар өзара қызығушылық танытқан басқа да салаларда бірлескен зерттеулер;
  • «қос диплом» (кредиттерді өзара есептей отырып, магистратура, докторантура) бағдарламасын іске асыру;
  • профессор-оқытушылар құрамымен алмасу;
  • ғылыми мақалалар және жарияланымдармен алмасу;
  • академиялық ортаның ұлттық және шетелдік өкілдерін және сарапшы-практиктерді қатыстырумен конференциялар, дөңгелек үстелдер, тематикалық пікірталастар және т.б. ұйымдастыру;
  • халықаралық мекемелермен ынтымақтасуға ықпал ету;
  • мемлекеттік қызметшілердің аға буынының білімдері мен дағдыларын жетілдіру;
  • мемлекеттік қызмет және басқару саласында тәжірибемен және білімдермен алмасу бойынша өңірлік хабтың институционалдық негіздерін құруға қатысу;
  • мемлекеттік қызмет және басқару мәселелеріне арналған оқулықтар, оқу құралдары мен басқа оқу материалдарын бірлесе басып шығару және өңірлік журналдарға жариялау;
  • Академия профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен білім алушылары үшін тағылымдамалар және оқу сапарларын ұйымдастыру;
  • Ғылыми зерттеулер жүргізу үшін әлеуетті қаржыландыру көздерін іздеу;
  • қашықтықтан оқыту саласында тәжірибемен алмасу;
  • жұмыс тәжірибесімен алмасу, дәрістер, презентациялар оқу және ғылыми зерттеулер, практикалық тапсырмалар, консультативтік және сараптамалық жұмыстар жүргізуге қатысу мақсатында жетекшілердің, қызметкерлердің, профессор-оқытушылар құрамының сапарлары;
  • ғылыми тең-жетекшілік және магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу қызметіне қатысу;
  • мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласында кітапхана қорын толтыру және ақпараттық ресурстармен және деректер базасымен алмасу.

4-бап

Осы Меморандум қандай да бір заңдық түрде міндеттейтін құқықтар немесе міндеттемелерді қалыптастыруға бағытталмаған.

Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Меморандумға жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, ол осы Меморандумның ажырамас бөлігі болып табылады.

Тараптардың әрқайсысы, егер басқасы Тараптардың бірлескен шешімі бойынша анықталмаса, осы Меморандумды іске асыру барысында туындаған шығындарды өздері өтейді.


5-бап

Осы Меморандум Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және бес жыл ішінде әрекет етеді. Меморандум, егер Тараптардың кез келгені келесі Тарапқа жазбаша түрде оның әрекет ету мерзімінің өтуіне дейін үш айдан кешіктірмей Меморандум әрекетін тоқтату ниеті туралы хабарламаны жібермесе, автоматты түрде ұзартылады.


6-бап

Осы Меморандумның ережелерін қолданумен байланысты туындаған кез келген даулар немесе келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер арқылы шешіледі.


Астана қаласында 2016 жылғы 30 мамырда екі данада, әрқайсысы қазақ, араб және ағылшын тілдерінде жасалып, қол қойылды, барлық мәтіндер бірдей және тең заңдық күшке ие.


Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы атынан

Ректор

_____________________

 Б.С.Абдрасилов

Мұхаммед бен Рашид Мемлекеттік басқару институты атынан

 

Атқарушы президент

_________________

доктор Али Себаа әл-Марри

 

 

 


SHARE THIS ON:

8

JUN