60

IN Келісім On 08-06-2016


Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің

Аэроғарыш комитеті мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Ғарыш агенттігі арасындағы ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы  өзара түсіністік

МЕМОРАНДУМЫ

 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Қазғарыш) мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Ғарыш агенттігі, бұдан әрі Тараптар деп аталатын,

ғарыш қызметі саласында теңдік, серіктестік және өзара қызығушылық негізінде өзара тиімді ынтымақтастықты орнатуға және дамытуға ұмтылысын білдіре отырып,

ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда пайдалануға өзара қызығушылығын растай отырып,

ғарыштық ғылым, зерттеу, технологиялардың, қызмет көрсетудің және қосымшалардың дамуы саласындағы ынтымақтастық тараптар мемлекеттерінің арасындағы қатынасқа, және олардың тиісті өнеркәсіптік ұйымдарына, сондай-ақ академиялық және ғылыми институттарына оң әсерін тигізетінін мойындай отырып,

2 бапта баяндалған салаларда екіжақты ынтымақтастықты бастауда өзара қызығушылықтың бар екендігін мойындай отырып;

төмендегілер туралы өзара келісті:


1-бап

Меморандум мақсаты

 Осы Меморандумның мақсаты келесілер болып табылады:

  1. Тараптармен ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізін жасау;
  2. Ақпарат және тәжірибе алмасуды, сондай-ақ Тараптармен ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы бірлескен жұмысын ынталандыру және ұйымдастыру;
  3. Тараптармен одан әрі жақын байланысты орнату үшін, кадрлармен алмасуға көмектесу.


 2-бап

Ынтымақтастық салалары

Оларға қолданылатын заңдар мен ережелерге сәйкес, Тараптар консультациялар арқылы осы Меморандум шеңберінде ынтымақтастықтың нақты мәселелері бойынша шешімдер қабылдайтын болады. Бірлескен қызметтің ұсынылатын түрлері:

  1. Тараптар тиісті жағдайларда, соның ішінде:

а) ғарыштық ғылым, зерттеулер. Технологиялар және қосымшалар;

б) әртүрлі бағыттағы ғарыш аппараттарын құру (байланыс, Жерді қашықтықтан зондтау, навигация);

в) Жерді қашықтықтан зондтау деректерін және өнімдерін беру;

г) ұшыру қызметтерін ұсыну және пайдалану;

д) ғарыш саясаты, заңдары және нормативтік актілері бойынша пікір алмасу;

е) ғарыш қызметі саласында және онымен байланысты салаларда кадрларды даярлау;

ж) ғарыш қызметі саласында зерттеулер мен әзірлеулерді қоса отырып, Қазақстан Республикасы мен БАӘ ғарыш секторындағы ақпарат және тәжірибе алмасу бойынша ынтымақтастыққа ықпалдасады.

2. Тараптар екі елде қолдау тауып одан әрі дамытылатын, екі жақта бірдей қызығушылық тудыратын, қолайлы жобаларды бірлесіп анықтайтын болады. Ынтымақтастықтың басқа салалары Тараптардың өзара келісімі бойынша анықталуы мүмкін.

 

3-бап

Ынтымақтастықтың формалары

 

  1. Бірлескен жобалардың іске асырылуы Тараптардың немесе олардың мүдделі ұйымдары және кәсіпорындары арасында бөлек келісімдер негізінде жүзеге асырылады.

Аталған келісімдер жобалардың нақты мазмұнын, тараптардың құқықтары мен міндеттерін, қаржыландыру сұрақтарын, жауапкершілікті, технологияларды қорғау, ақпарат алмасуды, зияткерлік меншік және мүлік құқығын қорғау, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың басқа мәселелерін қарастыратын болады.

  1. Ынтымақтастықтың жеке мәселелерін зерттеу және келісілген ұсыныстарды дайындау мақсатында Тараптар бірлескен жұмыс тобын құра алады.
  2. Осы Меморандумның орындалу тиімділігін қадағалау үшін және ынтымақтастық жобаларын талқылау үшін Тараптар өзара келісім бойынша басшылық деңгейінде консультациялар өткізетін болады.

 

4-бап

Үшінші тарап серіктесінің қатысуы

 Тараптар ынтымақтастық туралы Келісім шеңберінде жүзеге асырылатын бірлескен қызметке үшінші тарап серіктесін қатыстыру бойынша бірлесіп шешім қабылдай алады.

 
 

5-бап

Қаржы жағдайы

Осы Меморандум Тараптар арасында қандай да бір қаржы немесе төлемдермен алмасуды қарастырмайды.

Кез келген қаржылық міндеттемелер Тараптармен жасалатын нақты бірлескен жобалар бойынша Келісімдер шеңберінде талқыланатын болады.


 

6-бап

Байланыс, жай-күйге шолу және консультациялар

 

  1. Осы Меморандумның шеңберінде байланысты және ынтымақтастықты үйлестіруді жеңілдету мақсатында, Тараптар өздерінің өкілдерін байланысу үшін тағайындайды:

Қазғарыштан:

Жанна Кәріпбаева, Халықаралық ғарыш құқығы басқармасының бас сарапшысы, электронды пошта: zh.karipbaeva@mid.gov.kz

БАӘ ғарыш агенттігінен:

Хамад әл-Мутауа, Стратегиялық серіктестік бөлімінің басшысы, электронды пошта: h.almutawa@space.gov.ae

  1. Тараптар жоғарыда көрсетілген байланыс өкілдерінің өзгергендігі немесе жаңарғандығы туралы бір-біріне жазбаша түрде хабарлайды.

 

7-бап

Құпиялылық

Тараптар болашақта бірлескен жобалардың егжей-тегжейлі талқылануы туралы кез-келген ақпарат Тараптармен құпия деп танылып, және бірінші Тараппен екінші Тараптың жазбаша келісімінсіз жариялануына келмейтіндігі туралы келісті.


 

8-бап

Күшіне ену, қолданылу мерзімі, тоқтатылуы, өзгерту

 Осы Меморандум екі Тараппен қол қойған күннен бастап күшіне енеді және бес (5) жыл қолданылады. Егер кез келген Тараппен болжалды тоқтау күніне бір (1) ай қалғанға дейін Меморандумның қолданылу күшін тоқтату туралы өзінің ниетін келесі Тарапқа жазбаша түрде жолдамаса, осы Меморандум автоматты түрде қосымша 5-жылдық кезеңге ұзартылады.

2016 жылғы 30 мамырда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, араб және ағылшын тілдерінде, екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.


Осы Меморандумың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.


 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің

Аэроғарыш комитеті үшін

 

 

 

Молдабеков Мейірбек

Төрағаның міндетін атқарушы

Біріккен Араб Әмірліктерінің

Ғарыш агенттігі үшін

 

 

 

Халиф Мұхаммед арРумейси

Төраға

 

 

 


SHARE THIS ON:

8

JUN